Жұлдыздардың «біртүрлі» есімді балалары

Әлемге әйгілі жұлдыздар өз өнерлерімен қоса, сәбилеріне ат қоюмен де жұртшылықты таң қалдыратыны рас. Назарларыңызға өз сәбилеріне қисынсыз, ойға келмейтін есім қойған бірнеше жұлдызды жұп пен олардың балаларының тізімін ұсынамыз. 

Бруклин Джозеф Бекхэм 


Ата-анасы: Дэвид және Виктория Бекхэм

Баласына әлемнің атақты географиялық атауларын қоюды Виктория мен Дэвид Бекхэмдер 1999 жылы бастады. Осы жылдың 4 наурызында жұлдызды жұптың Бруклин есімді тұңғыш ұлдары дүниеге келді.  Бруклин – Нью-Йорктегі атақты аудандардың бірі.

Теннесси Джеймс Тот


Ата-анасы: Риз Уизерспун мен Джим Тот

Риз Уизерспун үшінші баласының есімін АҚШ-тың Теннесси штатының құрметіне қойған екен. Ал нақты себебі туралы голливудтық актриса тіс жармапты. Олай болса, мұнысын патриоттық деп есептейік.

Кингстон Джеймс МакГрегор, Зума Неста Рок және Аполло Боуи Флинн Росдейл


Ата-анасы: Гвен Стефани мен Гевин Россдейл

Гвен Стефани мен Гевин Россдейл өздерінің география пәнінен алған білімдерін балаларына ат қою арқылы көрсеткісі келген секілді. Үлкен ұлдары – Кингстон Ямайканың астанасының есімін алса, ортаншы ұлдары Гевин Россдейл өзінің музыкалық карьерасын бастамақ болған Малибудағы жағажайдың есімін алған. Үшінші ұлдарының есімі – Аполло. Ал бұл есім Аполло құдайдың, не болмаса ғарыш кемесінің немесе Манхэттендегі театрдың құрметіне қойылған ба, ол белгісіз.

Милан Пике Мебарак


Ата-анасы: Шакира және Жерар Пике

Географиялық атауларды баласына қоюдан Шакира мен «Барселона» футбол клубының ойыншысы Жерар Пике де қалыспады. Бір жағынан, кейбір жанкүйерлер Пикенің бұл ісін өз клубына сатқындық деп те атады. Қазір бұл отбасы екінші сәбилерін күтуде, сондықтан, оның есімін кім деп қоятынын күтейік.

Иджипт Дауд Дин


Ата-анасы: Алисия Киз бен Свизз Битс

Алисия Киздің Египетке саяхаты әншіге өмірге қайта келгендей әсер еткенін айтқан екен. Әнші жуырда ана болатынын білген кезде жұбайы Свизз Битс сәбидің есімін осы елдің құрметіне «Египет» деп атауды ұсыныпты.

Норт Уэст


Ата-анасы: Ким Кардашьян және Канье Уэст

2013 жылдың 15 маусымында Ким мен Каньенің отбасында Норт есімді қыз дүниеге келді. Норт – ағылшын тілінен аударғанда «Солтүстік» деген мағына береді. Бұдан былай ол қыздың есімі «Солтүстік-Батыс» жақты меңзеп тұратынын ата-анасы болжады ма екен?

Саммер Рэйн Ратлер


Ата-анасы: Кристина Агилера мен  Мэттью Ратлер

Жазғы жауын... Бұл - атақты Кристина Агилераның қызының есімі. Шын мәнінде, әнші өзінің сүйікті мезгілі ретінде жазды жақсы көреді екен.  

Блю Айви Картер


Ата-анасы: Бейонсе Ноулз және Джей-Зи

Көк түс - Джей-Зидің ең жақсы көретін түсі. Тіпті, бір кездері рэпер осы түстің бір реңкін патенттеп алған екен. Енді бұл түстің атын өзінің қызына да қойды. Ал қыздың толық есімінің қазақша мағынасы -  «Көк барқыт». 

Дайындаған: Назерке Смағұл

Сурет:viva.ua, sport-xl.org, spletnik.ru, addthis.com