Жайдарман – әрбір дарынды баланың танымалдық төріне қадам басатын ордасы. Мұнда әр өңірдің өкілдері өз өнерлерін паш етіп, халықтың ыстық ықыласына бөленеді. Осы бір қысқа әзілдерді орындауда алдына жан салмауға тырысатын Табылды Досымовтың жерлестері финалға қызу дайындықпен келген екен. Бүгінгі күнде көпшілікке "Сағыз" деген атпен таныс команданың финалдық ойында көрсеткен өнерін тамашалаңыздар.
Жайдармандағы қызықты бөлімнің бірі көрініс қою. Биылғы финал сәл ерекше болғандықтан бұл сайыста командалар эстрада жұлдыздары немесе танымал адамдармен ерекше көріністі сомдап шығуы тиіс. "Сағыз" құрамасы бұл жолы танымал актриса Айгүл Иманбаевамен бірге ұзақ уақыт көгілдір экраннан көрсетілмесе де көрерменнің көңілінде қалып қойған "Ұят болмасын" бағдарламасын сомдаған екен. Сонымен Ұят болмасынның жаңа нұсқасын тамашалаңыздар.