Әрбір әзілімен шындықты жанамалап өтетін жайдарманның командалары күн өткен сайын жаңашылдыққа беттеп келеді. Әрбір кезеңде көрерменді таңғалдырып, жұртты қыран-топан күлкіге кенелтті. Биліктегі шикіліктер мен әншілердің әрекеттерін айтпағанда, шалғай жатқан ауылдардың да проблемаларын тілге тиек етеді. "Жамбы ату" кезеңіндегі үздік қалжыңдарды назарларыңызға ұсынбақпыз. "Тек қана қыздар", "Фемида", "Қармақшы", "Еуразия" және "Байдың балалары" командаларының арасындағы үздік ойынды тамашалаңыздар.