Жастар туралы әзілдер

Күлкі адам баласының жасын ұзартады дейді. Олай болса кезекті әзілдерімізді оқып, сіздердің де өмірлеріңіз ұзара түссін деп тілейміз! 

Айгүл жазғы демалыста ерекше сұлу көріну үшін жан құрбысы Шолпанды жақсылап тамақтандыра бастады.

- Мен ішпеймін, жаман сөз айтпаймын.

- Сенбі күні есіңде ме?

- Ой ... кетші, қайдағыны еске түсірмей!

Сен менің жан досымсың! Егер екеуіміз батып бара жатқан кезде бір ғана құтқару жакеті болса, артынша мен сені қатты сағынатын едім.

Масаға ұқсайтын сырға сатып алған едім, бүгін құлағымның тұсынан екі рет таяқ жедім.

Екі құрбы дәмханада отыр. Бірі екіншісіне қарап:

- Ана кемпірлерге қарашы, енді 10 жылдан кейін біз де сондай боламыз, - деді. Екіншісі:

- Ақымақ қыз, ол айна ғой!

Сіз желілік маркетингпен айналысып кетсеңіз де әлі күнге дейін амандасатын жандарды нағыз достар деп айтуға болады.

- Айдын, жүрші суретке түсейік.

- Ой, жоқ. Менің ұйқым қанбай, көздерім ісіп тұр.

- Мен де соны айтамын. Сен маған контраст (қарама-қарсы) үшін ғана керек болып тұрсың.

Екі құрбы бір-бірін көрмегелі көп болды. Бірі екіншісіне:

- Түүу, Мақпал, семіріп кетіпсің ғой!

- Жоға, бұл қайта арықтағаным, сен мені 1 ай бұрын көрмедің ғой. Тура сен секілді болған едім.

- Бүгін айфон сатып алдым!

- Қалай? Телефоныңның иесінен ақылды екеніне көңілің толмай жүрген жоқ па?

Екі құрбы телефонмен сөйлесіп жатыр:

- Менің ағам үйленді.

- Әйелі әдемі ме?

- Жоға, ұсқынсыз. Ағам тура шаң жуытпай отыр.

- Мәссаған, өзі тағы шаң-шаң болып келіп пе?

Екі құрбы телефонмен сөйлесіп жатыр:

- Жасым 30-ға таяп қалды. Әлі тұрмысқа шықпадым.

- Иә, біреудің жап-жақсы жолы болған екен.

- Шәйға қант салайын ба, қажет емес пе? Мен сенің жігітіңді тартып алдым.

- Не?

- Шәйға қант салайын ба, әлде жоқ па деймін. Керең болып қалғансың ба?

Достар көшеде шашылып жатпайды дейді. Менің достарыммен бәрі де болуы мүмкін.

Күйеуі жұмыстан келген соң әйеліне досын қонаққа шақырып қойғандығын айтады. Әйелі ашуланып:

- Мұның қалай? Үй болса шашылып жатыр. Дүкенге де барып үлгермедім. Ыдыстың барлығы жуылмаған, өзім де нашар болып тұрмын.

Күйеуі:

– Білемін.

Әйелі:

– Онда не үшін шақырдың?

Күйеуі:

– Байқұс бала жақын арада үйленейін деп жүр.

Үй иесі:

– Ал шәй ішіңіздер!

Қонақтар:

– Осыған дейін не ішсек, соны жалғастыра берейікші!

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: вк желісінен