- Негізгі бет
- Езутартар
- Жануарлардың ойын оқитын...
Жануарлардың ойын оқитын болсақ...
Жануарлар адам секілді ойламайды әрі сөйлемейді. Дегенмен, құбылмалы көңіл-күй оларға да тән. Олар ашулана алады, күледі, тіпті қайғырады. Сенбесеңіз мына суреттерге назар аударыңызшы.
Анаңыз сізден өткен жолы берген ақшаны қайда жұмсадың деп сұрады. Сіз еркелеп: «Анашыыым», – дедіңіз.
Туған күніңізді асыға күтіп жүрсіз. Жақындаған сайын құрбыларыңыздың арасында өзара сыбыр көбейді. Ал, сіз бәрін білгіңіз келеді...
Оқудан ешқашан қалмадыңыз. Сабақты да барынша жақсы оқып жүрсіз. Қорытынды бағаңыз болса беске бір ғана балл жетпей қалды. Қалайша?
Құрбыңызға хабарлама жібергіңіз келді. Ал, бауырыңыз болса қасыңыздан шығар емес.
Кейде көшеден дәл осындай жағдайды кездестіресіз. «Қарындас, танысайық?!»
Еркелейсіз, өкпелейсіз.
Жасыңыз 25-ке жақындады. Туысқандарыңыз «отбасын құр»,– деп мазаңызды алуда. Сіз болсаңыз өзіңізді ылғи бала сезінесіз. Әркез «Ойбай, не дейді?» деп жауап қатасыз.
Құрбыңыздың тойына дәл сіз секілді көйлек киіп келген танысыңызды жолықтырдыңыз.
Осындай түрлеріңізді көрген жолдастарыңыз күлкіге әбден қарық болары анық.
Т. Есқали