Адам баласының көзіне үйренген әрбір жануардың белгілі бір өзіне тән мүшесі болады. Бірінің түсінде айырмашылық болса, екіншісінің бойы мен салмағында өзгешелік білінеді. Ал күнделікті өмірде немесе көк жәшіктен көріп жүрген жануарларыңыздың барлығының көзі екі жағында емес, ортада болса қалай болатынын ойланып көрдіңіз бе?
Үй құсы саналатын әтештің қос көзі ортада болса түрі мүлде басқаша болады екен.
Егер су жыртқышы акуланың жанары ортада болса, онда ол екі есе қауіп төндірмек.
Еліктің көзінде сәл ғана айырмашылық бар.
Мына жирафтың көзінің ортада тұрғаны емес, макияж жасалғаны қызықты екен.
Егер серкенің көзі ежелден осындай болса, онда адамдар қолға үйретуі екіталай еді.
Мейірімді делфин кімге ұқсағанын білмей аң-таң.