Пенделік ғұмыр болғасын иттік пен адамдық қатар жүреді. Жақсы көрмеген адамын "ит" деп тілдеу қазақта бар. Ал ғайыптан тіл бітсе, Иттер де кейде жек көргенін "адам екенсің" деп тілдер ме еді. Бұл әрине ащы әзіл. Бірақ, ит екеш итте де кей пендеде жоқ тамаша әдет бар.
Сыртқа шығып, сейілдейтін кез келген орайды қолдан шығарып алма. Дарқан табиғаттың тұнық ауасымен құшырлана тыныстап, жүзіңді аймалаған ерке самалдан ләзаттана біл. Сүйген жарың үйге қайтып келгенде, маңдайынан иіскеп, ықыласты сәлемдес. Біреулер сенің несібеңе киліксе, амалын тауып қарымтасын қайтар. Түсте ұйықтайтын әдет қалыптастыр. Орныңнан тұрған соң, есінеп алып, сосын бой жаз.Дайындаған: Алшын Матай
Сурет: cutepuppiesforsale.net