Иттен үйренер 15 әдет

Иттен үйренер 15 әдет

Пенделік ғұмыр болғасын иттік пен адамдық қатар жүреді. Жақсы көрмеген адамын "ит" деп тілдеу қазақта бар. Ал ғайыптан тіл бітсе, Иттер де кейде жек көргенін "адам екенсің" деп тілдер ме еді. Бұл әрине ащы әзіл. Бірақ, ит екеш итте де кей пендеде жоқ тамаша әдет бар. 

  • Сыртқа шығып, сейілдейтін кез келген орайды қолдан шығарып алма.
  • Дарқан табиғаттың тұнық ауасымен құшырлана тыныстап, жүзіңді аймалаған ерке самалдан ләзаттана біл.
  • Сүйген жарың үйге қайтып келгенде, маңдайынан иіскеп, ықыласты сәлемдес.
  • Біреулер сенің несібеңе киліксе, амалын тауып қарымтасын қайтар.
  • Түсте ұйықтайтын әдет қалыптастыр. Орныңнан тұрған соң, есінеп алып, сосын бой жаз.

  • Әр күні жүгіріп, секіріп тұр.
  • Тамақ ішкенде көңіл-күйіңді сергек ұста.
  • Мейлі қандай жағдайда да адал бол.
  • Рухыңды серпілтіп, өзгелердің өзіңмен көңілді барыс-келіс жасауына мүмкіндік жаса.
  • Егер іздеген нәрсең «көміліп» жатса, тауып алғанға дейін «қазуды» тоқтатпа.


  • Досың көңілсіздікке жолықса, «бетіне бетіңді тигізіп», жұбата біл.
  • Әсте жасандылыққа бой ұрма.
  • Қапырық ыстықта суды көбірек іш, және көбінде ағаш саясында дамылдауды ұмытпа.
  • Ұзақ уақыт сейіл құру мен жаяу жүрудің ләззәтін сезіне біл.
  • Қатты сөгіске жолықсаң, жәбір мен ашуды көңіліңе бүкпе. Аз сәттен соң-ақ кешірімге ие боласың.

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: cutepuppiesforsale.net

Қ. Қауымбек