«Егер бұл өмірде интернет жоқ болса...» деген сауалнама жасадым. Анығын айтсам, жасай алмадым. Себебі сауалнаманың сұрағы мұндай боларын, елестетуді қойыңызшы, ойлана да алмайтын сұрақ екенін білмеппін. Әрине, сауалнамаға жауап берушілер үндей алмады. Әдеткі себеппен уақыттары болмады ма деп ойлағанмын. Кейінде жүз бе жүз кездесудің өзінде де олар ештеме дей алмайтындарын жеткізді. Өзім қанша ойлансам да жауап бере алмайтын сұрақ болып шығарын кім білген... Десе де, әзіл-қалжыңы аралас дүние жаздым. Сіз келісесіз бе, қалай қарайсыз?
Егер өмірде интернет жоқ болса...
Адамдар арасында пікір айту мәдениеті сақталар еді. Әнді басынан соңына дейін толық тыңдап шығатын әдетімізді жоғалтпайтын едік... Жеңіл әзіл-қалжыңға бой ұрсаңыз, сіздің болашақта салмақты тұлға болуыңызға кесірін тигізетіндей... Кездесу деген тәтті ұғым санамызда сақталар еді... Телефон анықтамалығы қолданыста болар еді. Ал қазір «Яндекс», «Гугл» секілді «білгіштер» қалың анықтамалық кітаптарды жоқ қылды. Мысықтардың да ақылды жануар екенін ұмытпас едік. Интернет бетінде олардың құлаған, билеген, тұрған, отырған секілді қалыптарында көрсететін видео өте көп. Осы себепті, мысық салмақты жануар емес деген тоқтамға келдік... Қолсағатты тек сәнқойлар тағатын болды... Ән дискілерін сататын дүкендер әлі де сұраныста болар еді... Қағаз хаттар енді қолданыста жоқ. Электронды хаттар олардың рөлін толықтай атқарып отыр... Еске сақтау қызметі жақсы болар еді. Тіпті саналы адамның білуі тиіс қарапайым білім де қазір іздегіш бағдарламаның көмегімен табылады. Бос уақытымыз болар еді. Қазір ше? Фотоальбомдар сандықта жататын дүниеге айналды. Оны іздеп тапқанша білгіңіз келген адамның «жеке әлеміне» кіре салсаңыз жеткілікті. Теледидардан қызықты бағдарламаларды бірігіп көрер едік. Қазір оны әркім-ақ қалаған уақытында тауып, көре алады. Энциклопедия кітаптары қолданыста болар еді... Үйден-үйге тарайтын өсек. Ол қазір түрлі сайттардың бетіне «жайғасып» алған... Жеке құпиямыз сақталар еді. Тіпті, қандай ойдағы адам екеніміз, қандай қызығушылығымыз бар екенін өзіміз-ақ айтып отырамыз ғой... «Х VS О» ойыны есіңізде ме? Немесе теңіз шайқасын ойнаушы едік, енді ол да жоққа айналды... Еңбексіз-ақ атақты бола алмайтын едік. Оған Youtube-тегі көптеген роликтер дәлел... Пасьянс «Косынка» ойыны интернет келген соң ұмытылуға айналды. Ал сіздің есіңізде ме? Тәулікте 3 рет тамақ ішу үрдісі қалып қойды. Қазір интернетте отырып, бутерброд жеуді көбіміз әдетке айналдырдық...Сонымен, есімізге түскені бар, түспегені бар, шамамыз келгенше атап шықтық. Ал сіздің тағы да қандай ойларыңыз бар? Сіз қалай жауап берер едіңіз? Егер өмірде интернет жоқ болса...
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: subscribe.ru