"Физиктер өте жылы мұз ойлап тапты"

Ғылыми-танымдық сайттардан жаңалық тақырыптарының небір қызықтарын ұшыратып жатамыз. Солардың бір қарасы назарларыңызда. 

* * * *

"Физиктер өте жылы мұз ойлап тапты"

- Енді оның көмегімен өте жылы суық сыра алуға болады.

* * * *

"Ғалымдар бақыттың қарапайым рецептісін тауып отыр"

- 60 пайыз су, 40 пайыз спирт.

* * * *

"Қытайдағы көзге көрінбейтін әжетхана"

- Көпшілік адамдардың шағымында аталған әжетхананың ең бір жайсыз тұста жоқ болып кететіндігі айтылып жатыр.

* * * *

"Перуандық автобустан жұмбақ сүйектер табылды"

- Ескертіп айтпап па еді: "Кемпірді соңғы аялдамадан түсіріп кетіңдер" деп... 

* * * *

"Ғалымдар вирустардың зәре-құтын алды"

- Ендігі таңда СПИД-тің вирусы Паркинсон синдромымен емделмек.

* * * *

"Теңіз жануарлары қорыққанынан өз-өздерінің көшірмелерін жасап алыпты"

- Келесі бір зерттеуде адамдармен будандастырылатындықтарын біліп қойса керек.

* * * *

"Қарауытып кеткен кәріптастан 356 ежелгі тіршілік белгісі табылған"

- Ал мүмкін бұлар жай ғана көпіршіктер шығар... Немесе кір...Шындап келгенде, ақ-қарасын айыру қиын, өйткені, қарауытқан кәріптас деген ұғымда жоқ нәрсе.

* * * *

"Ендігі таңда Желілер арқылы иістерді жүктеп ала аласыз"

- "Пікірлердің ластығы" деген ұғымды тура мағынасыда түсінуге жол ашылмақ.

* * * *

"Зерттеушілер "G" нүктесін таба алатын болып отыр"

- Жануарларды будандастыру сынақтары жаңа деңгейге көтерілмек.

* * * *

"Хоббиттар меңіреулікпен азаптанған болуы мүмкін"

- "Сақина әміршісін" көрген ғалымдар осындай пікірге келіпті.

* * * *

Ал мына бір тақырыпқа пікірді өздеріңіз айтыңыздар:

"Акула адамдардың акулалардан қорғануға арналған қондырғысын жұтып қойыпты".

Cурет:ria.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек