- Негізгі бет
- Езутартар
- Ерлі-зайыптылар әзілдері...
Ерлі-зайыптылар әзілдері
Әйелі күйеуіне:
-Мені райымнан қайтару қолыңнан келе қоймас! Мен сені бәрібір балконнан құлатып жіберемін!Мұндай қызқұмармен бірге тұрғым келмейді!..Сосын мені итере бермеш!..
***
-Менің күйеуім біз үйленгеннен кейін бір айдан соң қайтыс болды.
-Жарықтық, көп азап тартпаған екен...
***
Бір әйел мас күйеуін шошытпақ болады да, ақ матаға оранып, қолшамын жағып барып, күйеуін жұлқылай бастайды. Күйеуі әлдезаманда ыңыранып бұрылып:
-Не болды? Сен кімсің?-дейді.
-Мен – албастымын!
-Онда танысайық, сен осы үйдегі албастының апайысың ба, сіңлісісің бе?
***
Кеше әйелің екеуің маған араша бермей қырқысып қалып едіңдер, қалай, татуласа алдыңдар ма?
-Ол менің алдымда тізе бүкті де...
-Иә, не деп кешірім сұрады?
-«Үстелдің астына кіріп кеткеніңді қашан қоясың, әй, сужүрек оңбаған?! Кәне, шық, жаныңның барында!»-деді.
***
Кешкісін кеңсесінен келген күйеуін әйелі қуана қарсы алып:
-Біздің балақайымыздың тілі шықты, сөйледі, бірінші айтқан сөзі «Әке» болды!-дейді.
-Шын ба, ей?! Ғажап болды десеңші! Қашан сөйледі?!
-Жаңа ғана, теледидардан шимпанзені көргенінде!
***
Күйеуі мен әйелі дүкенде: Күйеуі: Иәәә, шуба керемет, осынша сараң болмағанымда сатып алушы едім.
***
Жұма күні күйеуі әйеліне:
-Қымбаттым, бір-бірімізге керемет демалыс сыйлайықшы!-дейді.
-Ой, әрине, қымбаттым!
-Жақсы, онда дүйсенбіге дейін.
А. Байжан