- Негізгі бет
- Езутартар
- Ер мен әйелдің...
Ер мен әйелдің әртүрлі ойлау себебі
Ер адам мен әйел адам арасында айырмашылық жер мен көктей екенін айтудың өзі артық. Америкалық неке сарапшысы, әзілқой Марк Гангор еркек пен әйел миының құрылысындағы айырмашылықты былай сипаттайды.
Әйелдер — ерлерге қарағанда күрделі жаратылыс. Олар бір-бірінен ойлау жүйесі арқылы ерекшеленеді.
Шаңырақтың иесі — ұлдан бастайық. Ер азаматтың миы — бірегей жаратылыс, ол кішкене қорапшалардан тұрады. Көлікке арналған бөлек қорапша, ақшаға, жұмысқа, балаларға, балалардың анасына, тіпті балалар анасының анасына (енесіне) да арналған жеке-жеке қорапша бар. Барлығы қорапшада орналасады және оның өзіндік ережесі де бар. Қораптар бір-біріне байланысы болмауы керек! Ер адам қандай да бір мәселені талқылағанда, дәл сол мәселеге қатысты бір қорапшаны ашады, тек соның ішіндегі мәселені талқылайды. Содан соң ол қорапшаны жабады да, мұқият орнына қояды. Кейін ол өзге қорапшаларға әсерін тигізбеуі тиіс!
Әйелдердің миы ерлерден ерекше. Әйелдер миы — көп сымнан құралады. Онда барлығы бір-біріне жалғанған: ақша көлікке қосылған, көлік жұмысқа жалғанған, балалар анаға жалғанған, барлығы бір-бірімен тығыз байланысты. Бұл "эмоция" аталатын күшпен қарқынды жұмыс істейтін интернет секілді. Әйел адам өткенді ешқашан естен шығармайтын себебі де осы.
Ең бастысы, ер адамдар миында әйелдер еш түсінбейтін Бос қорап бар. Ол "Еш мәні жоқ қорап" деп аталады. Ер адамдар барлық қорапша ішінен дәл осы қорапты жақсы көреді. Тек өз құзырында болса, күні бойы осы қораппен отырар еді. Олардың балық аулаға, аң атуға баруы, теледидар алдында жайбарақат жата беруі осы қорапқа қатысты. Әйелдер ешқашан бұлай қамсыз жата алмайды және ер адамдардың осы жайбарақаттығын өте жек көреді.
@. @assel_assanova