Ер-әйел элементтері

Ер-әйел элементтері

Ғылымдағы ең жаңа табыс!

Химиялық элементтердің периодтық кестесіндегі әулеттер тобына тағы екі жаңа элемент қосылды.

***

Элемент аты: Әйел

Элемент таңбасы: WOMAN

Атомдық салмағы: өлшеу әлі қолдан келген жоқ.

Физикалық қасиеті: қалыпты жағдайда сыртқы пішіні жылтырлау болады. Кез келген жағдайда қайнау температурасына жетеді және қашан да қату ықтималдығы бар. Бабын тапсаңыз, тез ериді. Және біршама ұзақ уақытқа дейін ертінді қалпында тұрады. Бабы табылмаса, дәмі қышқылдау болады.

Химиялық қасиеті: Тым серпімді, құбылмалы, өте тұрақсыз келеді. Қымбат металдармен платина, алтын, күміс тағы басқа алуан түрлі гауһар тастармен оңай бірігеді. Жападан-жалғыз тұрғанда оп-оңай жарылыс жасайды. Қымбат бағалы сәндегіш бұйымдарды сіміре алады. Ерекше жарқырауық заттармен бірге қойғанда жасыл нұр шашады.

Рөлі: Оте тамаша. Одан кедергі дәрісі мен ұйқы дәрісін және жарылғыш заттарды жасауға болады. Көп мөлшердегі WOMAN элементтерінің қоспасынан ядролық қарулар жасалынады. Ал физикалық тұрғыда ақша ұсатқыш жасауға да пайдаланылады.

Ескерту: Бабын таппаса, оңай жарылыс жасайды. Арнаулы мамандардан өзге жанның соқтығуына болмайды.

***

Элемент аты: Ер

Элемент таңбасы: MAN

Атомдық салмағы: 80 (+-100)

Физикалық қасиеті: Тұрақты темературада сырты қатты болады. Қатты соққыға тап болғанда, пішіні оңай өзгереді. WOMAN элементімен бірге қойған кезде сыртқы пішінін емін-еркін қайта жасауға болады. Электр өткізу қуаты уақыт озған сайын әлсірейді.

Химиялық қасиеті: Кез келген кедергіні бұзып WOMAN элементімен күшті бірігу қуатына ие екенін әйгілейді. Қоюлық градусы жоғары араққа шылап қойғанда химиялық қасиеті өте тұрақты болады.

Рөлі: Әлі белгісіз, мүмкін біртүрлі үнемсіз шалшық газы болар.

Ескерту: Бірнеше WOMAN элементімен бірге ұзақ уақыт сақтауға болады. Бірақ WOMAN  элементін араға уақыт салып, ауыстырып тұру қажет. Бөлек тұрса, жағымсыз иіс шығады.

 Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: meta-synthesis.com

Қ. Қауымбек