Көпшілік алдында сөз сөйлегенде орайын келтіре білсе, әңгіменің әрін келтіретін – әзіл сөздер. Мұндайда елбасымыз қазақша қалжыңмен халыққа көңіл күй сыйлау қасиетінен кенде емес. Ел алдында айтқан әр сөзінің арасында келтірген әзілдерін оқи отырыңыз.
Бұрын ұжымшарға аудан мен облыстан лекторлар келіп, дәріс оқитын. Жұмыстан кейін шаршаған ұжымшар мүшелері жиналады. Дәріс оқып жатқан лектор ауыл мен қала, өндіріс пен өнімділік арасында диспропорция барын айтады. Жиында қойшы Федор ағай отырған. Ол өзінен білімдірек есепшіден: «Диспропорция деген не? Қарапайым тілмен түсіндірші», – деп сұрайды. Осы уақытта қолына су құйылған ыдыс ұстаған совхоз директорының хатшысы ақсаңдап кетіп бара жатады. Оның бір аяғы екіншісінен қысқарақ еді. «Федор ағай, қалай түсінікті тілмен түсіндірсем екен. Біздің Маняның оң және сол аяғының арасында диспропорция бар», – депті есепші. «Біз мұны өмір бойы басқаша атап келіппіз ғой», – дейді осы кезде Федор ағай.
☺ ☺ ☺
Мінсіз күйеу дегенді күйеулерін қорқыту үшін әйелдер ойлап тапқан. Сол сияқты, Солтүстік Корея секілді елдер де айналаны қорқытып ұстау үшін, өздерінде ядролық қару бар екенін айтады.
☺ ☺ ☺
Ежелгі Грекия аңыздары" деген кітап оқып отырған бала әкесіне қарап: "Әке, ежелгі гректер жеңісті неліктен әйелмен бейнелеген?", - деп сұрайды. Сонда әкесі оған: "Үйленген соң білесің, балам", - деп жауап беріпті.
☺ ☺ ☺
Бір кездері менің досым Борис Николаевичке (Елцин) былай деген еді: "Немереңіз президент болғысы келеді. Ал оның жауабы: "Ресейге екі президенттің керегі не?" Менің айтқым келгені, жастарға шынайы қол жеткізуге болатын дүниелерді сіңіру керек, бастысы - адам болу, білім алып, жақсы мамандыққа ие болып, жақсы білімді ешкім де сенен тартып ала алмайды. Ақшаны, үйді, тағы басқасын тартып алуы мүмкін. Бірақ бастағы білімді, адамшылықты ешкім тартып ала алмайды. Мен осыған шақырамын. Сол кезде өмірден оныңды табасың, өмірде жолың болады
☺ ☺ ☺
Ерекшелігі бар ағайынсыңдар ғой енді… Мен облысты үш «Ш»-мен айтамын. «Шырайлы Шымкент шаһары!». «Ш»-ға жақын ғой жандарың…
☺ ☺ ☺
Өсіп қалған балалар үйлене бастағанда әкесімен кеңесе бастайды ғой. »Мен осындай қызға үйленгім келеді». Содан әкесі «Ол кім? Ата-анасы кім?», – деп сұрайды. »Анасы көлік министрлігінде жұмыс істейді», – деп жауап береді ұлы. »Болмайды, ұлым», – дейді әкесі. »Неге?», – деп сұрайды ұлы. »Ол сенің әпкең», – дейді әкесі. Осылайша, ұлы бірнеше рет үйлене алмай қалған екен. Содан ол анасымен ақылдасады. Анасы болса ұлына: »Үйлене бер, сен де оның баласы емессің» депті.
☺ ☺ ☺