Соңғы үш айда Қытай мен Үндістан шекарасында 300-ден аса белгісіз ұшпа денелер (UFO) пайда бола бастады, деп хабарлайды «Үндістан Times» газеті 6 қараша күні. Үнді әскерилері мен мемлекеттік қорғаныс агенттігі қасындағы зерттеу орталықтары бұл Қытай елінің жіберіп отырған барлаушы ұшақтары деген пікірде. Бірақ, нақты дерек жоқ.
Аталған газеттің дерегіне сүйенсек, Үнді-Қытай шекарасының Қытай жағынан солғын сары түстес белгісіз ұшпа дене алыс көкжиектен шекарашыларға барынша жақындап, 4-5 сағат бойы қалықтап тұрып, соңынан ғайып болған. Үнді мамандары НЛО (UFO) металл немесе адамзат дамуының жоғары деңгейіндегі заттардан жасалынуы мүмкін емес, ал, бізді үнемі бақылауда ұстап отырған НЛО материалдары кәдімгі әскери ұшақтың құрылым ерекшелігіне ұқсайды деген пікір айтады.
Бір деректерде 2004 жылы бір топ алпьнистер Үнді-Қытай шекарасындағы Джомолунгма жотасында дәл осындай жағдайға душар болғаны жазылған.
Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы
Сурет: 21cn.com