Дүйсенбі күні жұмысқа келгенде демалыстан кейін біріміз маужырап, біріміз жадырап келеміз. Сондайда әзіл әңгіме оқып, жүзімізге күлкі үйірсек артық емес. Өмірде болған оқиғалар негізінде жазылған әзілдерді оқи отырыңыздар.
8 наурыз кезінде ұжымның жігіттері қыздарды құттықтамақ ниетпен, әрқайсысы азық-түлік сатып әкелетін боп келіседі. Бірақ салғырттықпен кім не әкелетінін ақылдаспайды. Келесі күні мерекелік дастарқанда сусын мен 20 торттан өзге ештеңе болмайды.
* * *
Шығыс қызы:
– Құрбым үйленіп еді, қайын апасы күн бермейді екен.
Батыс қызы:
– Қайын апасы тұрмысқа шықпаған ба?
Шығыс қызы:
– Енді қайын апасы ғой.
Батыс қызы:
– Түсінбедім.
Шығыс қызы:
– Қайын атасы мен қайын апасы емес пе?
Батыс қызы:
– Қайын енесі дешиш. Қайын апасы деген – жігіттің әпкесі шығар деп ойладым.
* * *
Диплом қорғау сәті. Комиссия мүшелерінде отырған бір шала қазақ студенттерге сұрақты орыс тілінде қояды. Ауылдан келген орысшаға шорқақ бала бір қазақша, бір орысша сөйлеп, дипломын қорғап шығады. Орысшалап қорытындысына соңғы сөзіңді айт деген оқытушыға қарап тұрып, сасқаннан:
«Будьте счастливы» депті.