- Негізгі бет
- Езутартар
- Достасқыңыз келсе қытықтаңыз!...
Достасқыңыз келсе қытықтаңыз!
Аустрияда 2000 жылы Сара-Джейн Блэйкмор есімді ғалымның қытықтау туралы зерттеу жасағаны жайлы не білесіз? Бүгін осы бір еңбектегі ең бір қызықты жәйттарды еске алсақ деп едік...
Қытық табиғатына байланысты үш бірдей болжам бар
Бірінші гипотеза – адам терісінің жәндіктер мен кішкентай жануарларға жанасқанда болатын құбылыс. Сөйтсек, бұл біздің теріміздің қауіп жайындағы бізге берген белгісі болып шыққан. Ал қытықтаудан кейін болатын күлкі болса ешқандай қауіптің төніп тұрмағанын сезінгеннен соң шығатын дүние екен.
Екінші гипотеза қызығырақ: қытық – бұл «көтеріңкі көңіл-күйдің генераторы іспеттес» екен. Генератор ағзаның ішкі ресурстарын жұмыс жасатып, қанға пайдалы заттардың түсуін қамтамасыз етеді. Бұдан шығатыны, күлкі адамның иммундық жүйесін қатайтып, жақсы эмоциялар сыйлайды. Ал Калифорния университетінің зерттеушілері болса, қытықтау кезінде болатын аяқ-қолдың тартылып қалуын қуанышты жәйт емес дейді. Олардың пікірінше, адам амалсыздан күліп, бұл жағдайдың өзіне ұнамайтынын осы арқылы жеткізеді-мыс.
Ал үшінші гипотеза болса, ағзаның істен шыққан бір эффектісі дегенге келеді. Сонымен қатар, қытықтау ауыру мен сыйпаудың ортасында болатын құбылыс әрі жүйке жүйесінің дамуы барысындағы кейбір эффектілер екен.
Адам өзін қытықтай алмайды
Бұл туралы ежелгі заманда Аристотельдің өзі-ақ айтып кеткен. Кейінгі зерттеулер де ежелгі тарихшының айтқанын дұрыс деп отыр. Адамның өз-өзіне қауіп төндірмейтінін ми әуелден-ақ білгендіктен қытықтау қиын.
Қытықтау адамдарды жақындастырады
ХІХ ғасырда Чарльз Дарвин қытықтаудың адамдар арасындағы жақындастықты ұлғайтады деп айтыпты. Ана өз сәбиімен алғашқы байланысын жасау үшін оны қуантайын деген оймен қытықтай бастайды. Қытықтау арқылы достардың арасында да сыйластық нығая түседі-мыс. Ал психолог мамандар өз кезегінде қытықтауды әлеуметтік ойындардың жоғары деңгейі деп таниды.
Қытықтауға болатын жердің барлығы да ең әлсіз жерлер болып саналады
Қытықтауға тап болатын адам дене мүшелері: мойын, кеуде, қолтық, табан қауіпке төтеп бере алмайтын мүшелер болып саналады. Адамның қолтық бөлігінде күрделі жүйе қан тамырлары болады және олар қауіп төнген жағдайда бірден жүрекке қысым түсіреді. Ал адам мойнында адамның бас бөлігіне қан жеткізуші екі бірдей күре тамыр болады. Ол адамның тыныс алу жүйесіне де қатысты екенін бәріміз де білеміз. Табан туралы айтқанда, аты аңызға айналған Ахиллесті айтпасақ та белгілі.
Қытықтау – азаптау түрі
Тарихта мұндай азаптау түрі болғанынан еміс-еміс естіп қалып жатамыз. Қинаудың бұл түрін берідегі фашистер де, арыдағы Рим әскерлері де қолданған. Мәселен, олар кәдуілгі қытықтау емес, өздерінің ең бір ұтымды әдістерімен қинаған: адамның аяқтарын біріктіріп байлап, оған тұз жаққан да, ішке ешкілерді кіргізген. Ал ешкілер оның табанын жалап, қытықтаудың ең ауыр бір жазасын жасаған. Тіпті мұндай қытықтаудан адам ауырсынуды да сезінген екен.
Есейген сайын қытықтан қорықпаймыз
Қытықтауды көбіне балалар сезеді. 40-тан асқан ересек адамдар терінің сезімталдығы азайғандықтан, көбіне күлмейді.
Қытықтауға қарсы әдіс бар екен
Мұндай әдіс туралы белгенсіз бе? Ендеше айтып өтейік, қытықтаушының қолына өз қолыңызды қойсаңыз болғаны, сонда ми өзіңізді өзіңіз қытықтап жатқандай болғасын сезінуді бірден қояды.
Ал сіздің қытығыңыз бар ма?
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: colorface.ru
А. Құлтай