- Негізгі бет
- Езутартар
- Достардың күлкілі SMS-хаттары...
Достардың күлкілі SMS-хаттары
Құрметті әзілсүйер қауым, 1 сәуір - күлкі күніне орай шын достардың арасында жүретін SMS-хат топтамасын ұсынбақпыз!
- Сәлем! Қалай жағдайың?
- +
- Универге бардың ба?
- -
- Неге? Оқудан шығарып жіберсе қайтесің?
- =
- Cен немене, калькуляторға интернет орнатып алғансың ба?
******
- Қай жерге кеп қалдың? Үйден шығып кеттің бе?
- Міне, жолдамын. Кептеліс...
- Ооой, үйден бір дәптерімді әкеле салшы дейін деген едім...
- Ештеңе етпейді, ап шыға саламын ғой!
******
- Менде көп жаңалық бар. Бірақ жазуға ерініп тұрмын.
- Жазбай-ақ қойшы, оқуға ерініп тұрмын!
******
- Қашан келесің, болшы!
- Бес минуттан кейін кеп қаламын. Бес минуттан соң келмесем, осы SMS-ті бес минут сайын қайта-қайта оқи тұр!
******
- Жұмыста отырмын. Үйде үтікті тоқтан суырып кеттім бе, жоқ па есіме түспей отырғаны...
- Мен күн сайын үйден шығарда үйдегі бар розетканы суретке түсіріп кетем. Сосын жұмысқа келген соң сен сияқты есіме түспей жатса, бірден сол суреттерге қарай саламын.
******
- Не істеп жатсың?
- Өмірдің қызығымен айналысып...
- Тамақ жеп отырсың ғой?
- Иә!
*****
- Мен саған кешкісін хабарласамын, жарай ма?
- Кеш болды ғой!
- Кешірек!..
******
- Менің саған әңгімем бар еді...
- Тек маңызды болса ғана айтшы!
- Өте маңызды!
- Айта бер!
- Сен, мысалы, өзіңді ағашпын деп елестетіп көрші...
******
- Дос, радиодан айтып жатыр: жолда бір топас қарсы бағытпен ұшып келе жатыр дейді.
- Бір топас? Біреу емес, мыңы жүр!
******
- Неге ұйықтамай отырсың?
- Ойын ойнап отырмын.
- Ал мен қонақта отырмын!
- Кімнің үйінде!
- Сенің! Қасыңдамын!
******
- О, Құдайым-ай, бұл өмір неге сонша қатал?.. Неге мынандай нәзік жаратылыстар ұзақ өмір сүре алмайды? Олардың да өмір сүргісі келеді ғой... Енді қайтемін?..
- Не боп қалды, досым?!
- Жұмыртқа қуырғам, асты күйіп кетті...
******
- Ұйықтап қалдың ба?
- Иә...
Сурет: Қуаныш Пердебаев
Ұқсас жазбалар:
1 сәуірге арналған қызықты хаттар
Көңілге қонымды әзіл-қалжыңдар
Өмірде болған қызықты оқиғалар
А. Әбілхан