(Интернетте көп отыратын жігітке кеңес)
Сұраққа шын мәнінде жауап бергісі келген адам оның әдемі, пысық, ақылды болуы керектігін айтпайды. Неге дерсіз? Сол!
Кеңірек қарастырайық бұл жағдайды. Сіздің қызыңыз ақылды, әдемі, пысық... Үйде отырып демалыстағы күндегі әдетіңізді жасап, компьютер алдында блогтарыңыз бен қызықты сайттарыңызды ақтарайын деп жатырсыз. Міне, қызық! Сіздің қызыңыз көзін ақшитты да, алдыңыздағы шашылып жатқан Pepsi мен тәтті-пәттінің қалдықтарын жақтырмай екі аптаға жоғалып кетті. Иә, ол пысық – тазалықты қалайды, иә, ол – сұлу – сіздің де әрқашан сұлу болғаныңызды қалайды (ал сіздің отырысыңыз мынау), иә, – ол ақылды, сіз секілді уақытын бос өткізгісі келмейді...
Қыздың қандай болуы керектігі жайлы сұрағымыз бар еді ғой, соған жауап беріп көріңіз енді. Компьютер алдында көп отыратын жігіттің қызы мынадай болуы керек:
Қыз тамақ жасай алмауы да мүмкін. Бірақ ыдыс-аяқты жуатын болса, міне тамаша! Қыз үйді жинағысы келмесе, бұл да тамаша. Жо-жоқ, асығып қойдық. Ойланып көріңіз, апталап күткен футбол ойыны басталып жатыр. Сіз сусыныңыз бен пісте немесе попкорныңызды дайындап ал кеп жатайын десеңіз, қызыңыз сол екі ортада шаңсорғышты қосты да, аяғыңызды олай да, бұлай да көтертіп, тазалап әлек. Мұндай пысықтықтың несі қызық? Қыз темекі шекпеуі керек. Чехов айтыпты: «Темекі шегетін қызбен сүйісу – күл салғышты сүйгеніңмен бірдей» деп. Өтірік емес. Бірақ мәселе онда емес, мәселе оның сіздің темекіңізді тауысып қоятынында! Иә, солай... Қыз тыңдай білуі керек. Көп сөйлейтін қыздың түкке де қажеті жоқ. Егер сізге: оның бастығы «Пахтакор» командасына жақтасатынын, баяғы жігітін қалай тастап кеткенін, автобуста отырып естіп қалған «әлсіз» әзілін 102-рет айтып отыратын, аяқ киімінің тон түсіне келмейтіндігін немесе саябақта бір мысықтың талға шығып алып, соған жүрегі ауырғанын – тыңдай беру ұнаса, онда менің сізге айтарым жоқ. Қыз бөгет жасамауы тиіс. Компьютер ойындарын ойнауға, шығармашылықпен айналысуға, жұмыс жасауға, достармен бас қосуға, үйге келгенде киімді шешпей ұйықтай салуға бөгет жа-са-мауы ти-іс! Әдемі болуы керек шығар, енді... Айтайық. Ойлаңыз. Ертең ауыр жұмыс күні. Қызыңыз сіздің бастығыңызбен сыпайы сөйлесіп, бірде ауа райы жақсы екенін, бірде соңғы кездесуде керемет шаш үлгісін қойып келгенін айтып оны мақтап тұрады. Ал бастығыңыздың ойы сіздің қызыңызды қалайша қолға түсіру жайына ауа берген кезде ӘДЕМІ қызыңыз ертең жұмысқа сіздің бара алмайтындығыңызды айтып, тұтқаны қоя салады. Айттым ғой! Сұлу қыз ке-рек! Қыз бұйрық айтпауы қажет. Ол сізге қашан, қай жерде, қалай тұруыңыз керектігін айтпауы керек. Қандай киім киетініңізді, компьютер алдында қанша уақыт отыруыңызды, туған күніңізге кімді шақыруды, қандай телеарнаны көруді, жағажайда көзіңіздің қайда болуын айтып, басыңызды қатырмасын. Ең бастысы, жаңа жылды қайда қарсы алатыныңызды қызыңыз шешпесін. (Жаңа жыл кешінде қуанып, қызды-қызды сәттерде жүргеніңізде, оның шешесі қолдан тоқылған жемпір әкеліп тұрса жағдайыңызды көрер едім).Иә, біраз әзіл айтып алдық. Бірақ "әзілдің түбі - зіл" екенін естен шығармайық...
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: danden.ru