- Негізгі бет
- Езутартар
- Бірге күлейік...
Бірге күлейік
1 сәуір күлкі күнінде сіздермен біраз қызықты анекдоттарды бөліскенді жөн көрдік.
Түскі асқа отырғанда кішкентай ұлы шешесіне қарап:
- Шеше, сен неге әкеме үйленгенсің? - деп сұраса, әйелі күйеуіне қарап:
- Көрдің бе?! Балаға дейін таң қалып сұрайды, - деген екен.
***
Ауыл әкімін сайлау науқанында әкімдіктен үміткер боп жүрген бір ағамыз жиналысқа жүргелі жатып:
- Мен келгенше қазаныңды қайната бер, - депті келіншегіне.
- Сайланбай қалсаң, етті бекер асамыз ба?
- Қайната бер дедім ғой. Сайланбай қалсам кір жуасың, - деген екен ашуланып.
***
Біреу асханаға келіп, манты жеп отырса, мантының ішінен киіз шығыпты. Ашуға басып: «Даяшы, мына мантының ішінен киіз шықты ғой» деп айғай салыпты. Сонда даяшы: «Жеп отырғаныңыз 200 теңгенің мантысы. Ішінен киіз шықпағанда, кілем шығады деп пе едіңіз?!» деген екен.
***
Ауылда біреу дал-дұлы шыққан етігін тігіншіге акеліп, жөндеп беруін өтініпті. Етіктің кейпін көрген қырсық етікші: «Біздің қолдан келмейді енді. Дереу қалаға апарыңыз» деген екен.
***
Құмырсқа пілге келіп құлағына сыбырлаған екен, піл талып қалыпты. Сонда не айтты дейсіз ғой?! «Мен сенен жүкті болып қалдым» депті. Сәлден соң, есін жиған піл: «Енді не босанатың болдың?» десе, «Білмеймін, піл шығар» деген екен құмырсқа қайғырып.
***
Тұрмыс жағдайына қайғырып жүрген біреу 100-қабаттан секіріпті. Сол сәтте тағы бір бейбақ 50-қабаттан секірген екен. Екеуі жерге қарай құлдилап келе жатып, 50-қабаттан секіргені қасындағыдан: «Қай қабаттан секірдің?» деп сұрапты. «100-ден» десе, әлгі:«Ойбай, жерге түскенде быт-шыт болады екенсің ғой» деп күлген екен.
Дайындаған: Алшын Матай
Сурет: demotivation.me
Қ. Қауымбек