Ұйықтап жатқан МАЙ қызметкері ұйқысырап:
- Камаз, камаз!-десе, әйелі атып тұрып:
- Пустой, пустой! – деп жатқызатын көрінеді.
Бір күні Қожанасырдың көршісі базарға кетіп бара жатса, Қожекең мысығын жуындырып жатыр екен. Күн суық болса керек, көршісі:
- Өй, Қожеке, күн суықта мұның қалай, мысығың үсіп өлмей ме?!-деп жүре беріпті. Кешкісін көршісі базардан қайтып келе жатса Қожекең мысығын жоқтап, жылап отырады. Көршісі Қожаға:
- Айттым ғой, күн суықта мысығың үсіп өледі деп! - дейді.
Сонда Кожекең:
- Мысығым үсіп өлген жоқ, жуып болып, сыққанда өлді! – депті.
Түріктің атақты ақыны, түрік әнұранының авторы Мехмет Акиф Ерсойдың мамандығы «мал дәрігері» болған екен. Бір жиында әлдекім ақынды мұқатпақ болып:
- Сіздің мамандығыңыз осы «мал дәрігері» ме еді?-деп сұрағанда, ақын:
- Ия, солай бір жеріңіз ауырып тұр ма?-деген екен.
Жындыханаға дәрігерлер дуалға автобустың суретін салып:
- Ал мініңдер, кетеміз!-депті жындыларға. Жындылар бас салып жүгіре бастапты. Бір жынды ғана орнында тұра беріпті. Дәрігерлер жындының қасына келіп:
- Сен неге жүгірмейсің?-деп сұрайды. Сонда әлгі жынды:
- Қойшы, адам көп қой. Мен таксимен барамын!-деп жауап берген екен.
- Дәрігер, осы сәбіз жесең, көздің көруі жақсарады деген рас па?
- Әрине рас, сіз қоянның көзілдірік киіп жүргенін қашан көрдіңіз?!
Оқи отырыңыз:
Ойын-күлкі дәрумен
Көңілді көтеретін сәт келді!
Күлкінің қызығына батқыңыз келсе
Өмірдің шынайы әрі күлкілі заңдары
Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы
Сурет: zhiviyarko.com