- Негізгі бет
- Езутартар
- Бір күні: Қарт...
Бір күні: Қарт төбет
Бір күні бір кісінің үй алдына әбден шаршаған қарт төбет келіпті. Мойнындағы әдемі қарғысы мен қампиған қарнына қарап, үй-күйі бар екен деп болжайды. Ит жанына келгенде, әлгі кісі басынан сипап мейірім көрсетеді. Төбетте еркелеп, аяғын жаймен басып, артынан еріп, үйге кіреді. Ауызүйге кіре бере, бұйығып жатып, ұйықтап кетеді. Бір сағаттан соң тұрып, есікке қарай жақындайды. Үй иесі шығарып жібереді.
Келесі күні де әлгі ит қайтадан келеді. Кешегі ісін қайталап, дәл кешегі орнына келе сала ұйқыға кетеді. Дәл осы қалпымен, бір жұма уақыт бойы келіп-кетіп жүреді. Бұл итке қатты қызыққан үй иесі, «Бұл сүйкімдің иттің иесі кім екен және сіз итіңіздің менің үйіме ұйықтауға келіп-кетіп жүргенін білесіз бе?»- деп хат жазып, төбеттің қарғысына қыстырып жібереді. Келесі күні әлгі ит қарғысына басқа хат тағып келеді. Мұны бірден байқаған үй иесі хатты ашып оқыса: «Бұл ит алты балалы үйде тұрады. Екеуінің жасы әлі үшке толмаған және өте мазасыз. Байғұс итіміз тек тыныш ұйықтағысы келеді. Рұқсат болса, мен де сіздің үйіңізге барып ұйықтайыншы? Дұрыстап ұйықтамағаныма 2 жылдан астам уақыт болды»,- депті.
Сурет: zastavki.com