- Негізгі бет
- Езутартар
- Bottle Cap Challenge:...
Bottle Cap Challenge: Жаңа челлендж несімен ерекше?
Жыл сайын ғаламтор әлемінде әр түрлі челлендждер пайда болады. Біреуі қызық үшін болса, екіншісінің айқын мақсаты бар.
Биыл Bottle Cap Challenge деп аталатын флешмоб танымал болып келеді. Осы орайда челлендждің тарихына кішігірім шолу жасап өтейік.
Bottle Cap Challenge деген атаумен алғашқы видео Instagram желісіне сонау 2017 жылы жүктелген. Алайда флешмоб бірден танымал болып кеткен жоқ. Сол жылы тағы бір видео қосылса, 2018 жылы бірнешеуі жүктелді. Биыл челленджі қайта өмірге келгендей. helena_tigres атаумен тіркелген каратеші қыз 24 маусым күні алғашқылардың бірі болып челленджі бастайды. Видеода спортшы қыз бөтелкенің қақпағын айналып тебу арқылы ашты.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Одан кейін челленджі қазақстандық таэквондошы Фараби Давлетчин қайталап көрді. Әлем чемпионы Хеленаға қарағанда сәл өзгеше істеді. Ол бөтелкенін қақпағын секіріп теуіп ашты. Артынша Фараби эстафетаны танымал спортшылар мен актерларға — Джеки Чан, Жан-Клоду Ван Дамм, Сергей Бадюк, Скотту Эдкинс пен Аарон Гэссорға жолдады.
Фараби Давлетчиннің шақыртуын ешкім қабылдаған жоқ. Алайда қазақстандық спортшының видеосын Acronym брендінің негізін қалаушы, дизайнер Эрролсон Хью байқап қалады. Ол да флешмобты қайталап, қызықты ету үшін видеосын баяулатты.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Хьюдің шақыртуын UFC жұлдызы Макс Холлоуэй қабыл алып, видеоны екі күнде 2 миллион адам қараған. Осыдан кейін Bottle Cap Challenge танымал болып, әлем жұлдыздары мен әлеуметтік желі қолданушыларының ермегіне айналды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бұдан кейін челленджді британиялық актер Джейсон Стэтхем әдемі қайталады.
"Керемет жұмыс, Джейсон Стэтхем. Бөтелкені сен үшін ашамын. Енді Флойд Мейвезерді шақырамын", - деп жазды аралас жекпе-жек жұлдызы Конор Макгрегор.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қазір #bottlecapchallenge хэштегі бойынша Instagram желісінде 6 211 видео жарияланған. Оның ішінде қазақстандық спортшылар мен қатардағы азаматтар да бар.