Бір керегіңізге жарап қалар анекдоттарды назарларыңызға ұсынып отырмыз. Кейбіріне күліп алсаңыз, ал енді кейбірінен ауыр шындықтың астарын түсінесіз.
Баласы шешесінен:
- Жылан қалай сөйлейді?
Шешесі енесіне қарап:
- Шешесі, неге үндемей қалдыңыз? Немереңіз қызығып жатыр.
* * *
- Асхат, кеттік. Кофе ішіп қайтайық!
- "Арақ" деген сөзді біртүрлі айттың ғой.
* * *
Африкада мектеп оқушысы тақта тазалауға шүберекті сулау үшін бір аптаға жоқ болып кетеді екен.
* * *
Шешесі мен ұлы көшеде кетіп бара жатыр. Ұлы:
- Шеше, осы қызды сатып алайықшы, а?
- Не болған саған, ұлым? Адамдарды сатып алуға болмайды.
- Ал біз әкем екеуміз сатып алғанбыз...
* * *
Толықтай таусылып қалған тіс пастасы әлемдегі ең ауыр қинау мен зорлыққа душар болады.
* * *
Менің ұлым батыр!
Екі соғыстан өтті.
Шаршады.
Компьютерді өшіріп, ұйықтауға кетті...
* * *
Интернеттің көмегімен екі қадам жүріс арқылы қалай ақша табуға болады.
1. Интернетті өшіреміз.
2. Жұмыс істеуге кетеміз.
* * *
Өлімнен соң Билл Гейтстің жаны "қоқыс жәшігінде" жатқан көрінеді.
* * *
Кей қонақтардың сұрақтарына қатты таңғалам:
- Дәретхана бар ма?
- О, жоқ қой, құдайым. Біз терезеден...
* * *
Жағдайыңызды (статусты) сақтап қойыңыз: диагнозды анықтауда психиаторға көмектеседі екен.
* * *
Міне, осымен үш тәулік бойына тергеуші жауап ала алмай отыр.
Тергелуші болса:
- Жанымда қорғаушы болғанда ғана сөйлеймін.
* * *
Ауылды жерде биоәжетхана деген ұғым жоқ. Есесіне биодала деген ұғым бар.
* * *
- Қымбаттым, сен не істеп жатсың?
- Неке куәлігін қарап отырмын.
- Не үшін?
- Жарамдылық мерзімін іздеудемін.
* * *
Жаңа "Лада Калина" көлігінің қауіпсіздік белбеуінде алтын әріппен былай деп жазылған:
"Жақындар мен туыстардан".
* * *
Әйел баласының жұмысқа тұрып кетуі қиын ғой. Бәріне бірнеше жоғары білімі бар, балалары өсіп-өніп кеткен, 30 жылдық жұмыс тәжірибеге ие 18 жастағы қыз керек-ақ.
* * *
Кеше Шымкентте 2 мың алматылық дүниеге келіпті...
сурет:businesskey.com.ua
Дайындаған: Фараби Арыстанбек