5. Әскердегі баласының жаттығуына келген ана құрықталған. Сөйтсек, есірткі іздейтін ит жаттығу кезінде алаңнан шығып кетіп әйелдің сөмкесін алып қашқан, ал кейінде тексерістен сөмкеде бір қорап есірткі табылыпты.
4. Бірде бетін бүркемелеген жігіт дүкенге кіріп барлық ақшаны талап етеді. Ақшаны алған соң, күдікті дүкен сатушысынан виски сұраған. Сонда сатушы еш қысылмастан оның жас екенін, егер вискиді беріп қойса, заңмен қудаланатынын жеткізіпті. Біршама уақыт айтысқан межелі жастан асқандығын дәлелдеу үшін күдікті өзінің жүргізу куәлігін көрсеткен. Ақылды сатушы оның аты-жөнін түгел оқып білген соң, жігіт қашып кетеді. Арада екі сағат өтпей жатып сатушының көмегімен полиция оны үйінде құрықтайды.
3. Полицияға көлігін ұрлатқан бір әйелден арыз түседі. Ол көлікте ұялы телефонын да қалдырғанын айтыпты. Полиция қызметкері дереу оған телефон соғып, бұл көлікті армандап жүргенін, қанша сұраса да сатып алатынын айтып, кездесуге шақырыпты. Кездескен. Құрықтау. Сот. Түрме.
2. Мичиган тұрғыны Кристофер Янсен сот отырысында құқық қорғау орындары оның үйін ордерсіз тіміскілегенін айтыпты. Ал прокурор оның үйіне барғанда қалтасында пистолетке ұқсас дүниенің шығып тұрғанын айтып ақталған (Бұл жағдайда күдіктінің үйі ордерсіз тексеріледі). Янсен өз кезегінде оның құр бөсіп тұрғанын, қазір де сол күртешені киіп алғанын және оның қалтасына ешқандай да пистолет сыймайтынын айтып сотқа өз қолымен шешіп берген. Содан сот оның қалтасын тексере келе кокаин салынған қапшық тауып алады. Жиналған халықтың күлкісінен отырыста қайта-қайта үзіліс жариялана берген екен.
1. Бақуатты америкалық жиі кездесетін сигаралар қорабын сатып алыпты. Иесі оны тіпті өртеніп кетуден сақтандырып қойыпты. Бір ай өткен соң ішіндегі сигара бітеді. Бұдан кейін ол сақтандырған компанияға барып сигаралардың «кішкене болса да өрттен» жанып кеткенін айтыпты (ағылшын тілінде «от» пен «өрт» - «fire» деген бір сөзбен айтыла береді). Компания өз кезегінде сигаралардың түсінікті жағдаймен (тартылған, шегілген) біткенін айтып, қарсы шығыпты. Сонда мырза бұл істі сот арқылы шешіп, жеңіске жетіпті. Сақтандыру агенттігі оған 15 мың доллар көлемінде қаржы төлеп берген. Ал бір қызығы, сигара иесі ақшаны қолға түсірген қалыпта-ақ оны сақтандырылған затты бүлдіргені үшін 24 айға түрмеге жапқан. Сосын тағы да 24 000 АҚШ доллары көлемінде айыппұл төлеткен екен.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: gdefon.ru