Жайдарман ойындарындағы жалындаған жастардың қысқа да нұсқа әзілдері көрерменнің көңілінен шығатыны бәрімізге белгілі. Қоғамдағы барлық оқиғаны назардан тыс қалдырмайтын құрамалар бүгінде біршама белестерді бағындырғаны рас. Өз кезегінде керемет ойынымен көзге түскен "Нысана" театрының актерлері де ең алғаш жайдарманнан бастағанын білесіздер. Қазіргі күндегі "Арал-ас", "Назар аудар", "Демеушіміз болашақ" сынды осыдан екі үш жыл бұрын жақсы ойын көрсеткен құрамалардың ойыншылары жастардың арасында беделі асқақ десек қателеспейміз.
Биылғы финалда кубокты иемденіп, чемпиондық атақты алғысы келетін мықты командалар баршылық. Солардың арасынан Шымкенттен келген "Байдың балалары" құрамасы көрермен көзіне ерекше ыстық көрінді. Өткір әзілдерімен, тамаша қимылдары жұртшылықты таңғалдыруда.