Құрметті әзілсүйері оқырман, таңғы ой сергіту ретінде мына әзіл-қалжыңдарды оқып, көңіл көтере отырыңыз. Мұны ата-аналар мен бала болғандар жақсы түсінеді.
* Бала басқа бөлмеде отырып үні шықпай қалса, ол бөлмеге бас сұғуға қорқа бастайсың.
* «Мамаңнан сұран. Жіберсе, бара бер!» деген әке шешімді бәрібір өзі қабылдайды.
* Ата-ана бәрін бірден түсінеді: Егер сен бұзық болсаң – компьютер кінәлі, ал компьютер бұзылса – сен кінәлісің.
* Ата-ананың бәрі тек бір ертегіні ғана жақсы айтады. «Сабағыңды жақсы оқып, өз күшіңмен оқуға түс. Оқуды бітірген соң көөөөп ақша табасың» деп басталатын ертегі таныс па сіздерге?
* Сабақтың бәрін оқып тастадық... Анамның даусы қырылдап қалды, менің құлағым керең болып қала жаздады. Ал көршілерім жаттауымды жаттап алды да, итім түсінгенін айтып берді.
* Бала кезде жақсы еді: Қағаздың бәрі – ақша...
* Балалардың есіне түнгі сағат 10 болғанда ғана ертең сабаққа суретті баяндама мен бәліш пісіріп келу керектігі түседі.
* - Маған балалар бөлмесіне кішкене кір көтеретін кілем көрсетіңізші.
- Қанша балаңыз бар еді?
- Жетеу!
- Кілемді қайтесіз, бірден асфальт төсеп бере салмадыңыз ба?
* Бүгін ауылдағы балаларымызды алып кетуге әйеліміз екеуміз барғанбыз. Бірінші болып алдымнан жүгіріп шығып, балаларды әкетуге келгенімізді естіп қуанған – аталары...
* Инстаграм желісін арнайы ата-ананың қамы үшін ойлап тапқан сияқты. Олар осы арқылы балаларының кіммен кездесіп, қандай тамақ жеп жатқанынан хабардар болып отырады.
* Кеше қызымыз екеуміз мысықтың суретін салсақ, бүгін үйдің алдынан мысық тауып алдық. Енді бүгін біз Испаниядан жеке үй, машина мен қымбат тонның суретін салмақпыз.
* Ата-анаң жиырма жасыңда ақыл айтады, ал сен оны 40 жасыңда ғана түсінесің.
* «Ол өлсе, сен де өлесің ба?» деп сенің де анаң айтушы ма еді?
* «Маша мен Аю» деген мультфильмді көріп болған соң түйгенім: Баласын қайдағы бір жабайы аңға тастап кеткен – қандай мұңсыз ата-ана?
* Естеріңде ме, мектепте «Сонымееен, қазір тақтаға шығады...» деп апайларымыз журналға үңілген жарты минутта біз жүрегі ауыратын адамдай үнімізді шығара алмай қалушы едік қой?.. Ал кейбір пысықтар сол секундтар ішінде жарты бетті жаттап отыратын...
Сурет: lib.rus.ec
Ұқсас жазба:
Мұғалімдердің шаблон сөздері