Асыр салып ойнап жүрген балаңыздың немесе ініңіздің, сіңліңіздің, қарындасыңыздың кенеттен тынышталып қалатын кезі бола ма? Әдетте сол мезетте не істейтіні есіңізде ме? Ұмытып қалған болсаңыз, оны есімізге бірге түсіріп көрейік.
- Қолын мысықтың ыдысына салып отыр;
- Кір жуатын машинаның ішіне кіріп алған;
- Әкесінің аяқ киімімен ойнап отыр;
- Ата-анасының шұлығын унитазға түсіріп жіберді;
- Анасының косметикасын өзіне де, айнаға да жағуда;
- Розетканың ішіне біреу кіріп алмады ма деп тексеріп отыр;
- Қолданылған шәйдің қабын жыртып, жерге сама төккен;
- Анасының сүйікті журналын жеп отыр;
- Телефон зарядкасын сорып отыр;
- Ашық тұрған дисководтың үстіне отырмақшы;
- Өзінің сүйікті заттарын кір жуатын машинаға салуда;
- Әкесі жаңа ғана қоқысқа тастаған йогурт ыдысын жалап отыр;
- Мысықтың тамағын жеп жатыр;
- Анасының сөмкесіне өз ойыншықтарын салып қоюда;
- Диванның үстіне су төгіп, оны қолымен жаймалауда;
- Бір нөмірге 84 хабарлама жіберген;
- Компьютерді қосып, ол істен шыққанша «DVD-ROM» және «reset» батырмаларын қайта-қайта басуда;
- Біреуден сұрап алған дискілерді жерге шашып қойып, оны аяғымен таптап ойнауда;
- Анасының телефонынан біреуге хабарласып немесе үй телефонынан 100 сандық нөмір теруде;
- Атасының затын ақтарып, 2 метр бинтті шұбатып сүйреп жүр;
- Анасының бетке арналған кремін еденге жағуда;
- Жаңа жуылған киімдерді ұқыптылықпен кірге қосуда;
- Унитазда қолын жууда;
- Анасының қойын кітапшасының парақтарын жұлып отыр;
- Көзіне бірінші ілінген матаны қайшымен кесуде;
- Қуыршағына гүл сыйлағысы келгендіктен, бөлме өсімдіктерінің жапырақшаларын жұлып отыр;
- Немесе үйдің бір бұрышын дәретханаға айналдыруда.
Егер осы үнсіздік кезінде анасы бір шыны шәй ішіп үлгерген болса, күле қарап отырғаны анық. Ал шәй ішіп үлгермеген аналардың жағдайы басқа...
Ал сіздің балаңыз үнсіз қалған кезде не істейді?
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: rudaki.ru