Әзіл. Автобуста

Автобуста.

-Егер екі қолында екі сөмкесі бар мына әжейге тез арада біреу орын бермесе, онда ол кісіні мен өзімнің орныма отырғызамын! Естідіңіздер ме, мен – автобус жүргізушісімін!

***

-Автобус әлі тоқтаған жоқ, өле алмай жүрсіз бе, түсуге сонша асыққаныңыз не?

-Ауруханаға тез жетуім керек еді!

-Ә, ақыры сонда барады екенсіз ғой, секіре беріңіз...

***

 Көлігі апатқа ұшыраған автобус жүргізушісінің басына келетін ең бірінші ой:

-ААА, тиындар шашылатын болды!

***

Автобуста кәрі кемпір арық жас адамға орын бермекші болады:
- Отыр сормаңдай, соншама неге арықсың? Науқассың ба?
- Жоқ, рахмет. Мен - студентпін.
- Онда сырт киіміңді бер, ұстап тұрайын !
- Бұл сырт киім емес, бұл менің досым - Арман !!!

***

Лық толы автобусқа әрең мінген кемпірге ешкім орын бергісі келмейді. Сонда кемпір күбірлеп:

-Алматыда зиялы қауым қалмаған ба?-дейді. Сонда отырған біреу:
-Зиялы қауым... әжетай, автобуспен жүрмейді!-депті.  

***

Аялдамада автобус тұр. Шопыр қолына бір бөтелке алады да, жолаушылардан:

-Біреу-міреу ішкісі келе ме?-деп сұрайды. Ешкімде үн жоқ. Шопыр ішіп болып, темекісін тұтатып жатып, тағы бір бөтелкені қолына алып:

-Біреу-міреу ішкісі келе ме?-дейді тағы да. Тағы да ешкім тіл қатпайды. Сонда шопыр басына мотоцикл бас киімін киіп:

-Жарайды, ендеше, кеттік!-депті. 

сурет: nolik.ws

Форумда талқылау