Әйелінен қорқатындар

Әйелінен қорқатындар

Бақыт деген не? «Бақыт дегеніміз: Мысықтың балық жеуі, иттің сүйек кеміруі» деген екен біреу. Бір ағамыз айтады: «Еркектердің әйелінен қорқуы – ең үлкен бақыт!» деп. Неге?

Сенімен бірге тұрмыс кешіріп, жақсы күн көрсем де, көрмесем де, менің ең зор бақытым – сенен қорқу. Көз алда әлемдік экономикалық дағдарыс туындап отыр. Тек Отанымыз ғана мұны білдірмей, шалқып келе жатқан сияқты. Талай жылдан бері, менің осыған көзім жетті. Біздің әр саладағы еркектердің әйелінен қорқуы – осы экономикамыздың құлдырамауына үлкен септігін тигізіп отыр екен.

***

Әйелінен қорыққандар ақша үнемдей алады. Олар келіншегін сылтауратып, жолдастарының шақырған кез келген қонағасыдан жалтара алады. Осыдан үнемделген ақшаларға үйді, машинаны алу жоспарын да  жасап қояды.

***

Әйелінен қорыққандар ғана қоғам тыныштығын сақтауға кепілдік етуге болады. Отбасының орнықтылығы – ел орнықтылығының негізі. Отбасы жанжалының азаюынан сот мекемесіндегілер тіпті де көп уақытын қоғамдағы өзге де қылмыстық істерді тындыруға жұмсайды. Некеден ажыраспаудың негізі де осы әйелінен қорқуда жатыр.

***

Әйелінен қорқатындар қызметті тез табады. Әйелінен ұзақ уақыт қорқу ерлердің құнтты да абайлағыш, қимылы жылдам болу мінезін қалыптастырады. Мұндай мінездегілер түрлі құпиялықты сақтау қызметін істеуге әбден лайық. Қызмет іздеп жүргендер болса, өзін таныстырған материалдың ерекешелігі деген жерге осыны жазып қоюы керек. Егер сен бармақшы болған орынның бастығы осы ерекшелігіңе болса сені жаратпаса, онда ол ақымақ бастық болғаны. Ондай орынның немесе компанияның болашағы да болмайды.

***

Әйелінен қорқу саясаткерлерде болатын ең үлкен ерекшелік. Әйелінен қорқатындар кез келген жұмыс істесе де, жоспар бойынша істейді. Өтірік айтқанда беті қызармай, жүрегі қобалжымай айта алады. Бұған Америка президенті Клинтон ең жақсы мысал. Әйелінен қорқатындар әйеліне уәде беруге шебер болады. Міне, бұл саясатшылар мен сайланушылардың ерекшелігі. Демек, әйелінен қорқу - сізді билікке жетелейді.

***

Әйелінен қорқатындардың мансабы күн сайын өседі. Арнаулы ұйымдастыру тараулары ең жақсы басшы талдағанда тұрмыс стилі жақсы деген тармақшаға ерекше көңіл бөледі.

***

Әйелінен қорқу – ескілікті тастап, жаңалыққа бет алудағы жақсы бұрылыс. Әйелінен қорқу мыңдаған жылдар бойы сақталып келе жатқан «ерді зор, әйелді қор» санайтын салтты талқандау болып табылады. Еркектер, өзіңді құрбан еткеніңмен қоғамдық жаңа салтқа жақсы жақсы образбен ене аласың. Бұл сенің мақтанышың. Қазір үлкен қалаларда бұл негізінен жүзеге асып болды. Ендігі мақсат мұны ауыл-қыстаққа қанат жайдыру.

***

Әйелінен қорқу – бір түрлі ұлы махаббат. Әйелінен қорқу дегендегі «қорқу» – шынын қуғанда махаббат болып табылады. Шын сүйгендер ғана әйелінен қорқады дейді кейбіреулер. Бұған да сенуге болады. Әйелдің айтқаны – жарлық. Әйелдің айтқан пікірі – қайталай арыздануға келмейтін ең соңғы үкім. Әйелдің айтқанын естен шығаруға болмайды. Бұған қарапайым ғана мысал, егер сатушы сатып алушыдан қорықса, онда жақсы қызмет өтеуге құлшынады. Қызметкер бастығынан қорықса ғана оған жақындаса алады. Егер билік халықтан қорықса, ешқашан халық мүддесін есінен шығармайды. Ал әйелінен қорқу дегенді ойлап көр!

***

Әйелінен қорқу – балаға да жақсы үлгі қалдырады. Еркектер үшін отбасындағы ауыр жұмыс бұлтартпас борыш болып саналады. Бұдан бөлек, жаялық жуу, баланы ойнату, тамақ жасау, үй жиһаздарын сүрту, тазалау дегендер де бар. Әдетте балаға тәрбиені көп айтқаннан гөрі қол салып жұмыс жүргізудің әсері күшті болады. Бала алдында үлгілі әке бола аласың. Қызыңды болашақтағы жақсы тұрмысқа ұмтылуға жігерлендіре аласың.

***

Әйелінен қорқатындар – интернетті де ақаусыз қолдана алады. Кейбір санасыз интернет парақшаларының аздыруынан саналықпен ат-тоныңды ала қашасың. Әңгімелескенде мұқият та жауапкерлікпен пікір алысасың. Тіпті, өмірде түгілі, интернет бетінде де әйелдердің аздыруынан сақтана аласың. Бұдан бөлек, интернетті де әйелің үшін пайдаланып, отбасындағы ер-әйел қатынасын жақсарту туралы материалдарды көп іздейсің. Әйеліңнің көңілін көтеру үшін одан жақсы-жақсы анекдоттар, қызықты тақырыптар табасың.

***

Ендеше, құрметті азаматтар, ары қарай не істеу керек екенін осыдан-ақ жақсы біліп тұрсыздар. Салауатты өмір салтын сақтаймын десеңіз – әйеліңізді «құрметтеңіздер»!

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: baidu.com

Қ. Қауымбек