Әйел мен машина

Толымбек Әлімбекұлының мына бір әзіл өлеңін ұсынып отырмыз. Аяулы, жарты әлемнің жарық жұлдыздары, бұл тек жігіттер тұрғысынан айтылған әзіл ғана деп біліңіздер.

Әйел мен машина

Еркек үшін әйел мен машина
Ыстық және жақын,
Екеуі де өмір.
Бірақ әйел – қатын,
Ал, машина – темір.
Ұқсайтыны – еркек
Екеуін де аялайды,
Екеуін де бағалайды.
Машинасынан 
Ақшасын аямайды. 
Өйткені оны айдайды, 
Уақтылы күтіп,
Уақтылы майлайды.
Оның бір жақсы жері
Қайта-қайта ақша сұрап,
Алақанын жаймайды.
Ал, әйел алған бетінен таймайды,
Жүйкеңе ойнайды.
Берген сайын тоймайды.
Машина күн демейді,
Түн демейді,
Ақша бермесең, үндемейді,
Кей кезде сілейіп
Кідіріп, тұрып қалады.
Ондай кезде еркек ашуланып,
Теуіп қалады, ұрып қалады – 
Жауап жоқ, 
Бар айыбы сынып қалады.
Ал әйелді соқпай-ақ қой,
Жәй әшейін түртіп қал.
Жолыққандай күртік қар
Қар бораған бұзық қабағы,
Өткен-кеткенді тізіп, табады,
Сенің қан қысымың 
250-ге жеткенде ғана
Тыныш табады,
«Жедел жәрдем» әкеткен соң
Амалсыз аузын жабады.

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: жеке мұрағаттан