Автокөлік туралы әнектер

Жол полицей қызметкері машинаны тоқтатып, жүргізушіге былай дейді:

- Сіз осы қиылысты жол ережелерін бұзбай бірінші болып өттіңіз, міне сізге сол үшін 200 доллар.

-О! Керемет болды, барып жүргізуші куәлігін сатып алайын.

-Сіздің куәлігіңіз жоқ па еді?

Әйелі:

-Араққа тойып алған адам не демейді, тыңдамаңыз оны.

-Ішімдік ұрттадыңыз ба?!

Жүргізушінің енесі тұрып:

-Айттым ғой, ұрлап алған машинамен алысқа бара алмаймыз деп!

***

Сүйіп қарайтын киноңыз қандай?- деп Мюллер Штирлицтен сұрайды.

"Волга-Волга" деп айтқысы келген Штирлиц дер кезінде ойын жинап алып:

- "Фольксваген-Фольксваген" деген екен.

***

 -Қымбаттым, мені құттықтасаң болады. Бағдаршамның қызыл түсіне 5 рет өтіп кеткеніммен, маған бір рет те айыппұл салмады! Мен сол ақшаға сәл қаражат қостым да,  өзіме әдемі көйлек сатып алдым. Керемет емес пе?!
***

 Жол полицей қызметкері адамға толы джипті тоқтатып, аң-таң болады.
 Көліктегі адамдарды санап алып:
- Жігіттер, бәрін де түсіне аламын. Джипке 5, максимум 7 адам сияды. 16 болып қалай қыстырылыстыңдар?-десе, ішіндегі ақылдысы басын терезеден шығарып алып:
-Бауырым, мектепте оқымағансың-ау деймін. Артқы терезеде көріп тұрсың ба:"TOYOTA LAND CRUISER 4X4" деп жазылып тұр емес пе?!- депті.
***

- Жүргізуші, жылдамдықты неге асырасыз?
- Арақтың әсері жетпегенше, үйге дер кезінде жетіп алайын деп едім.
***
 
-Машина сатып алғалы өміріңде не өзгеріс болды?
-Жолдан абайлап өте бастадым.
***
 
 Газельдегі хабарландыру:
"Рөлге мінген жүргізуші нағыз маман, бұл оның 10-шы машинасы".
 ***
 Жол апатына түскен жүргізуші есін жиып сұрайды:
— Қайдамын?
Медбике жауап қайырады:
— Сіз 25-іншідесіз...
— Палатада ма, камерада ма?
Сурет:car-z.net