Әрбір баланың туылғаннан көңіліне әсер етіп тыныштандыратын әуені болады. Көп ата-аналар мұны елей бермейді. Алайда баласының қандай қылықтар жасайтыны мен әрбір қадамын жете назарда ұстайтындар мұндай сәттерді ешқашан ұмытпайды. Әрі кішкентай баланың ес білмейтін шақтағы жасаған қылықтары көпшілікті қыран күлкіге қалдыратыны да сөзсіз. Көбіне баланың қандай әуен тыңдап тыныштанатынын көлік ішінде жақсы білуге болады. Сенбесеңіз мына бүлдіршіндердің қылықтарын бағамдап көріңіз. Ямайкалық атақты әнші Боб Марлидің әнімен құлақ құрышын қандырып тыныш отыра қалатын баланы ата-анасы видеоға түсіріп желіге жібердуді жөн санаған екен.
Ал екінші бүлдіршін әлемді бір ғана әнімен таңғалдырған оңтүстік кореялық әнші PSY-дың "GANGNAM STYLE" әніне рахаттанады екен. Тіпті ұйықтап жатқан күннің өзінде де, сол бір ән қосыла кетсе туыстарын бір күлдіріп алады.