Құрметті оқырман, біз сәрсенбінің сәтті күні көңілдеріңізді көтеру үшін отбасы жайлы бірнеше әзілді бөліскенді жөн көріп отырмыз. Күндеріңіз көңілді, әрі жеңіл өтсін!
****
«Алақай, мама келді!» деп жүгірді тоз-тозы шыққан әжесі немерлерімен жарысып.
****
- Анашым, сенің армандарың болып па еді?
- Иә, болған.
- Енді қайда кетті?
- Қазір сол арманым дәл қасымда, маған ойламаған жерден сұрақ қойып отыр.
****
- Ой, тұз төгілді. Бұл – ұрыстың нышаны.
- Мүмкін, керіспей-ақ қоярмыз?
- Жоқ, жаным! Мен өзімді ұрысуға дайындап қойдым...
****
Сіз әйел адамның «Қазір 5 минуттан кейін дайын боламын» дегені мен ер адамның «5 минуттан кейін үйде боламын» дегені бір сөз екенін білмеуші ме едіңіз?
****
Ұйықтап жатқан баланы киіндіру немесе шешіндіру жарылғалы жатқан бомба секілді. Сәл байқамасаң, екеуің де тағы 4 сағат ұйқысыз отырасың.
****
Ересек ер адам кішкентай баладан несімен артық?
Біріншіден – ересегінің салмағы көп.
Екіншіден – болды!
****
- Қызым, сенің әлгі жігітпен араң не болып жатыр?
- Білмеймін, мәз емес. Болмайтын нәрсеге бәстесіп қала береміз.
- Сонда неге?
- Мен үйлену тойымызда сұр түсті көйлек кигім келеді десем, ол мүлде маған үйленгісі келмейді.
****
Отбасы деген – үйге кімнің кіріп келе жатқанын аяғының дыбысынан тану.
****
Қызы:
- Анашым, мен өскенде сен сияқты болғым келеді!
Әкесі:
- Қой, қызым! Басқа нәрсе армандашы!