Жануарлардың дауысын салып танымал болған "Базар жоқ" театрының әртісі Аманғали Сыпабеков бұл жолы әншілерді нысанаға алған екен. Қазақ эстрадасында өзіндік орны бар жұлдыздардың күлдіргі әрекеттерін байқап, көпшілік назарына ұсынды. Пародияшы жігіттің құрығына Еркін Нұржанов, Әлішер Каримов, Медеу Арынбаев, Гүлнұр Оразымбетова және Төреғали Төреәлі іліккен. Сонымен, иттің дауысын айнытпай келтіретін актер әншілерді қаншалықты тура салады екен, тамашалаңыздар.