АҚШ-тың Кливленд қаласының соты 32 жасар Шену Хардин атты азаматшаның жүргізуші құжатынан уақытша айырып қана қоймай, 250 доллар айыппұл салып, сонымен қатар әйелдің көшеге шығып "Мен ақымақпын" деп жазылған тақташаны көтеріп тұруына үкім шығарған.
Хардин көше қиылыстарында тақташаны көтеріп 2 күн бойына тұруға мәжбүр болыпты. Оған себеп: америкалық азаматша аялдамада тұрған және балаларды отырғызып жатқан мектеп автобусын жаяу жолда басып озууы болып отыр.
Болған жағдайды жүргізуші пленкаға түсіріп алып, полиция қызметкерлеріне тапсырған. Бұл іс қыркүйек айында болған екен. Ал соттың мұндай үкім шығаруына азаматшаның бірнеше рет дәл осылай тәртіп бұзуы себеп болып отыр.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: newsone.com