Адамгершіліктен автокөлік артық болған заман да жетті (видео)

Адамгершіліктен автокөлік артық болған  заман да жетті (видео)
Фото: kaz.caravan.kz

Заман өзгерді ме, адам өзгерді ме, әйтеуір қазіргі қоғам тым басқаша болып кеткендей көрінеді. Бұрынғы тал бесіктен алынған тәрбие таяқ ұстаған ақсақалға дейін сақталушы еді, бүгінде бесіктен белі шықпаған баланың үлкендермен жағаласа сөйлеуі былай тұрсын, жаға ұстасатын дәрежеге жетіп отырмыз. Бұл қоғамның бір ғана кемшілігі. Айта берсек, әрбір әрекеттің бір шикілігін аңғаратынымыз хақ. Осы бір тұтас проблеманы бір қойылымға тоғыстырған Өнер қырандарының жігіттері өздерінің тағы да өжеттіліктерін көрсетті. "Жүз рет естігеннен, бір рет көрсеткенді" артық көрген актер жігіттердің "Көлік қақтығысы" атты қойылымын тамашалаңыздар. 

B. ZHAQSYMBET