Жерортасы жасты алқымдаған мосқал кісі өзіне қол жұмсауды ойға алып, орманға қарай беттепті. Оған бір қария жолығыпты. Бейтаныс кісінің жүзіне үңілген шал: «Не болды балам?» деп сұрапты, жолаушы кісі: «Отбасымызда ауыр жағдай орын алды. Мен өлуге бел байладым» дейді. Не жағдай болса да, шешуге болатынын айтқан қария, оны айтуын өтініпті.
Бейтаныс адам: «Мен есейген қызы бар жесір әйелге үйленген едім. Біздің үйдегі шал, яғни, әкем әйелімнің қызына ғашық болып қалыпты және екеуі үйленіп те алды. Ақыры не керек, әкем қызымның күйеуі болды. Ал, мен – әкемнің қайын атасы болдым, әйелім бір бала тапса, ол – әкемнің немересі болмақ. Өз кезегінде менің балам, әкемнің әйелінің бауыры болады екен. Шындығында ол менің балам болуы керек еді. Әкемнің әйелі бір бала дүниеге әкелсе, ол бала менің інім атанады және маған немере болады. Өйткені ол әйелімнің немересі ғой. Әйелім інімнің апасы болады, сонда, ол маған да апа болуы керек пе?
Сонымен мен әйелімнің немересі болудың аз алдында жүрмін. Сөзімді қорыта айтсам, мен өзіме ата болдым және немере болдым!»
Сөз осы араға келгенде, әлгі қария оны тоқтатып алды: «Болды, сөйлеме! Әкең де, сен де құры! Бөйтіп жынды адамша өмір сүріп жүргеннен өліп алған дұрыс екен. Жолың болсын!» деп кері айналды.
Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы
Сурет: psycofe.com