Жол көлік оқиғасы жиі-жиі болып жатқаны бәрімізге белгілі. Ешкім біреудің көлігін немесе жолдан өтіп бара жатқан адамды әдейі қақпайды. Әйтеуір тағдырдың жазуымен жазатайым жайттарға ұрынып жатады. Өз кінәсін сезінген тәртіп бұзушылар науқастың барлық жағдайын жасап, аяқтан тұрып кетуіне көмектеседі. Осы ретте біреудің күні қарап тұрғанын сезген кейбір жәбірленушілер пендешілік жасап, жағдайын жақсартып алатын да жайттар көптеп кездеседі. "Шымкент шоу" театрының актерлері осы оқиға туралы әзілдеп жеткізген екен. Адам қаққан жүргізушіден өтемақы ретінде баласын оқуға түсіртіп, қызын ұзатып алмақшы болған ағаның өзі соңында опық жеп қалады. Сонымен әзіл-шыны аралас қойылымды назарларыңызға ұсынамыз.