Google-аудармашының көмегіне өмірінде бір рет болсын жүгініп көрмеген адам аз шығар. Аудармалардың, шынын айтсақ, дәл келе бермейтіні бар ғой. Бірақ әр ойыңызды оқи алмайтын бағдарламаны ол үшін кінәлай да алмайсыз. Десе де, кейбір тәржімасы тіпті де шектен шығады. Байқап көрейік...
Мәселен:
- «pv zk pv pv zk pv zk kz zk pv pv pv zk pv zk zk pzk pzk pvzkpkzvpvzk kkkkkk bsch» – мәтінін жазып, оқып көріңіз. Керемет, иә?
- Ал бұл жерде аударма жасаудан шаршаған Google бауырымыз оны санмен-ақ бере салады.
- Ал шоу-бизнеске деген көзқарасы тым рационалды. Оған әңгіме айта бастасаңыз-ақ жалғастырып ала жөнеледі. Мәселен «Леди Гага» деп жазсаңыз «Бритни Спирс» деп шыға келеді. Талғамы күшті ме?
- Ал покемон түрік тіліне былай аударылыпты:
- "Android 2.3.4"-тың мағынасын білгісі келген адамға да Google-екең өз білгенін сілтей салады. Яғни «Айфон»... Бірақ оны сервис басшылығы біліп қойған-ау деймін. Жөндеп қойыпты.
- «Еркектер ол – еркектер, және олар үйді жинау керек» деп, испан тіліне аударылған кезде баяғы аудармашымыз «Еркектер ол – еркектер, ал әйелдер үйді жинау керек» деп жөнін айтыпты...
- Ал егер ағылшын тілінен испан тіліне «Мен Хит Леджерді сағынатын боламын» деп аударсаңыз – «Мен Том Крузды сағынатын боламын» деп сайрай жөнеледі. 2008 жылы табылған қателік те басшылық тарапынан жөнделген.
- «Lalalalala» деп жазсаңыз-ақ, алдыңызға исландиялық әнші Бьорктың аты шыға келеді. Қызық, ә?
- Samsung-тың аудармасы Sony Ericsson болып кеткенін ешкім де түсіндіріп бере алмай отыр...
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: lady.tut.by