Адамды ауру меңдеген сайын сан түрлі ойдың жетегінде адаса жаздайды. Әсіресе мұндай жағдай бойында түрлі гормондық өзгеріс жүріп жатқан жүкті келіншектерде жиі болады. Оларға айтылатын ырым-тыйым да көп. Жүкті кезде шаш қиюға болмайды, сыпыртқыны аттауға болмайды, киім тігуге болмайды, анау да болмайды, мынау да болмайды.
Ойы он жаққа, санасы сан саққа кеткен келіншек жауабын таба алмаған сұрақтарын дәрігерге кеп қояды. Қисынсыз сұрақтармен бетпе-бет келе берген акушер-гинеколог жиі қойылатын сұрақтардың жауабын жазып, есігіне іліп қойыпты.
– Құрсақтағы баланың жынысын анықтаудың ең тиімді тәсілі қандай?
– Босану.
☺ ☺ ☺
– 35-тен кейін босануға бола ма?
– Жоқ! 35 бала жеткілікті.
☺ ☺ ☺
– Толғатып жатқанда ауырмайды, жай жамбас аймағына салмақ түседі деп естідім, осы рас па?
– Иә, егер қатты құйынды баяу жел (торнадо – бриз) деп айтатын болсаңыз, бұл солай.
☺ ☺ ☺
– Босану кезеңінен кейін қандай жағдайдан сақтануым керек?
– Жүктілік.
☺ ☺ ☺
– Менің әйелім өткен аптада жаңадан босанды. Енді ол қашан өз-өзіне келеді?
– Балаңыз университетке барған кезде.
☺ ☺ ☺
Қай сұрақты ең қисынсыз деп таныдыңыз?