- Негізгі бет
- Езутартар
- 8 наурыз туралы...
8 наурыз туралы әзілдер
- Апа-ау, -деді Айдар. - Бүгін түк жұмыс істемеуің керек!
Апасы мәз болып, алдындағы алжапқышын шеше бастайды.
Сонда Айдар:
-Бітпеген ісіңді түнгі он екіден кейін қайтып жалғастырсаң болады,-депті.
***
-Әке, неге 8 наурызды күнтізбеде қызыл түспен бояп қойған?
Сонда әкесі бір күрсініп алып:
-Бұл еркек атаулысының қаны ғой, ұлым,-депті.
***
Күйеуі дүкенге 8 наурызға сыйлық алмақшы болып кіреді. Сонда сатушы:
-Сізге әйеліңізге керек пе, әлде одан қымбатын көрсетейін бе?-деп сұрапты.
***
Таңертең. Асүй. Күйеуі мен әйелі кофе ішіп отыр.
Әйелі еркелей:
-Жаным, 8 наурызға екі күн қалғанын ұмытып кеткен жоқсың ба?-дейді.
Сонда күйеуі кофеге қақалып:
-Не дейді? Тағы да ма? -депті.
***
-Қымбаттым! Саған 8 наурызға не сыйлайын?
-Тіпті... білмеймін...
-Ендеше тағы бір жыл ойлануыңа уақыт беремін.
***
9 наурыз. Көшеде бір мас еркек келе жатыр. Кенет оны милиция тоқтатып:
-Қайда бара жатырсың?-дейді.
Еркек: Үйге.
Милиция: Қайдан келе жатырсың?
Еркек: Досымның үйінде жаңа жылды тойлағанбыз...
Милиция: 22 наурыз әлі келмеді ғой? Бүгін тоғызы
Еркек: Жіберші мені, әйелім өлтіретін болды.
***
8 наурыз. Күйеулерінен лайық сый алмаған үш құрбы жиналып, мерекені өздері тойламақ болады. Мейрамхана, кафелердің табалдырығын тоздырып, өлгенше мас болып, жолшыбай көшеде өсіп тұрған гүлдерді теріп алып үйлеріне келеді. Келесі күні үшеуі тағы да кездеседі. Сонда біреуі:
-Маған сүйіктім гүл сыйлады,-депті.
Екіншісі:
-Маған да.
Сонда үшіншісі:
-Маған бір емес, бірнеше тал роза гүлін тарту етті,-деп мәз болыпты.
Р. Роза