4 жасар бала қала мэры атанды

АҚШ-та Миннесота штатындағы қалашықтың мэры болып 4 жасар бала тағайындалды. Роберт Тафтс есімді бала суретте бейнеленген. Бұл туралы Orange News хабарлап отыр.

Бұл постқа тағайындалу үшін көптеген балалар кезекке тұрған. Әкімшілік өз кезегінде бір шляпаға балалардың аттары жазылған қағаздарды салып, жеребе арқылы таңдап алған.

Осындай «дауыс беру» арқылы шешілген мәселеден кейін тағайындалған бала қаланы аралап, тұрғындармен қарым-қатынасқа түсіп, балыққа барғанды ұнатады екен.  

Бұдан басқа, Роберт Тафтс БАҚ өкілдерімен болған кездесуде өзінің құрбысы бар екенін айтыпты. Оның аты – София.

Дорсет қаласының мэрын тағайындау бір жағынан әзілге берілген іс болған. Себебі қалашықтың өз билігі жоқ (жоғары билік органына тәуелді). Сондықтан да жыл сайын осындай атақ беру ұсынысын жергілікті халық өзі жасаған екен.

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/pn-F_S6IW6c","width":"450","height":"260"});

Еске сала кетсек, американдық Хэлпер қаласының да мэрын шляпа арқылы тағайындау рәсімі өткен еді. Мұндай дауыс беру салтына жергілікті орган қарапайым дауыс беру арқылы шешім жасап, алауыздық танытпау үшін барған екен.

Мұндай дауыс беру жүйесі бірінші рет болып отырған жоқ. 2010 жылы Небраска штатындағы Моррилл округының шерифын тағайындауда қарапайым карта арқылы шешілген болатын.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: ikirov.ru