Дәл осындай сөзді Понтифик Францисктің өзі естіпті. Бұл туралы The Daily Mail хабарлады.
Рим-католикалық шіркеуінің жақында ғана ресми түрде Папасы болған Понтифик алғашында қарапайымдылығына салып, ескі досы Иезуиттер Орденінің басшысы Адольфо Николасқа өзі телефон соққан. «Алло, бұл Рим Папасы» деп сөзін бастаған оған Андреас есімді хатшы «–Рим папасы болсаң, мен Наполеонмын!» депті.
Бірақ франциск байыппен ғана операторға өзінің шын мәнінде айтып тұрғанын жеткізген.
«Мен расында да Рим папасымын. Сіз алаңдамаңыз, өтінемін, Андреас. Сіз тек Орден генералына жалғай салсаңыз екен, мен оған құттықтау хаты үшін алғыс айтайын деп едім» - депті понтифик.
Ақыры, оператор өз қатесін түсініп, қоңырауды адресатқа жалғаған.
Еске сала кетсек, 19 наурыз күні Ватиканда Папа Францискті таққа отырғызу рәсімі болған еді. Әулие Петр алаңында бұл шараны көруге жиналған халықтың саны 200 мыңға жетіпті.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: uznayvse.ru