"Болашақ энергиясы" тақырыбында өткізілген халықаралық EXPO 2017 көрмесіне келген қонақтардың әлемдік маңызы бар іс-шара туралы пікірлерінің жинағы жарық көрді.
EXPO 2017 көрмесінің аясында 220 ресми іс-шара жүзеге асты. Оған 28 мемлекет басшысы, 13 Парламент спикері мен Бас хатшы, 10 Премьер-Министр, 26 Премьер-Министрдің орынбасары, 70 министр, 48 министр орынбасары қатысты. Сонымен қатар, көрмені 45 мемлекет өкілі тамашалады. 19 елдің басшысы, 16 ел үкіметінің басшысы мен орынбасары, 11 Парламент басшысы мен орынбасары келді. Жалпы есеппен, халықаралық көрмеге 110 жоғары шенді қонақ келді.
Одан бөлек, EXPO 2017 баламалы энергия тақырыбына бағытталғандықтан, көрмеге шетелдік экономистердің, футурологтар мен энергетика саласы мамандарының қызығушылығы мол болды. "Болашақ энергиясы" форумына 300-ден астам шетелдік сарапшылар қатысты.
EXPO 2017 қонақтары алып ғаламдық іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне атсалысқанын және бұл көрменің әлем экономикасының ары қарай дамуына жаңа дүмпу беретінін сезіне отырып, Астанамен қоштасты.
"Болашақтың энергиясына арналған ЭКСПО 2017 сынды глобальді іс-шараның бір бөлігі болу мен үшін абырой. Мұнда таныстырылған инновациялар Қазақстан мен өзге де елдері үшін тиімді ресурс көздеріне айналатынына сенемін. "Нұр Әлем" – осының дәлелі. Біз Қазақстанға ЭКСПО 2017 көрмесіндегі БҰҰ атынан келген қатысушы ретінде ризашылығымызды білдіреміз", - деді БҰҰ бас хатшысының орынбасары Жихан Сұлтаноғлу.
"Қазақстан ұйымдастырған ЭКСПО 2017 халықаралық көрмесі әртүрлі ұлт өкілдерінің болашақ үшін баламалы энергия көздерін табуға бағытталған зерттеулері мен біріккен жобаларын жасауға негіздейтін көзқарасты айқын көрсетіп отыр. Қоршаған ортаны ластамау үшін дәстүрлі энергия көздерін басқа ресурстарға айырбастау керек. Бұл экологиялық таза экожүйені құруға бағытталған біріккен күш жинаудың мүмкіндігін жаратып отыр",– деді Үндістан Қарулы күштерінің генералы Бипин Рават.
"Халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесін ұйымдастырушыларынан іс-шара нәтижесінен алған потенциалды сақтап қалуды сұраймын. Ерекше сәулет кешені ары қарай да технология мен инновация орталығы ретінде қызмет ете берсін", - дейді Еуразия экономикалық комиссиясының Коллегиялар жетекшісі Тигран Саркисян.
АҚШ-тың Энергетика министрінің орынбасары Дэн Бруйетт және Түрік Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоған сынды алып елдердің жоғары шенді қызметкерлері елордамыз Астана қаласында өткен ғаламдық көрмеге таңданды.
Тарихи маңызы орасан зор жинақ бізді әрі әлемді өзгерткен EXPO 2017 көрмесінің 93 күнінің хроникасына айналады.
Толығырақ ақпаратты мына сілтемеден ала аласыздар.