Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесінің аяқталуымен ел мойнынан ауыр жүк түскендей болды. Жылдың басты шарасы жағымды жаңалықтарымен артта қалды.
Осыдан екі жыл бұрын көрме орнында алып ғимараттар емес, қоршаулар ғана болған. 2015 жылдың жазында “Астана ЭКСПО-2017” ұлттықкомпаниясы басшылығы істі болғаннан кейін, көрмеге дайындық тұралап қалды. Осы бір түйткілді шешу үшін білікті менеджер маман қажет болды. Бұл қызметке сол кезде Алматы қаласының әкімі болып жүрген Ахметжан Есімов таңдалды.
Қоғамдық ортаға шығып, теледидардан сұқбат беріп, тілшілермен қарым-қатынаста жиі бола бермейтін Ахметжан Есімов өзіне тапсырылған жұмысты жауапкершілікпен атқарып шығуға бар күшін салды. Олай болса “Время” газеті тәжірибесі толысқан білікті маманның қызмет жолына бір сәт үңіліп көрген еді.
Ахметжан Есімов 2015 жылдың тамыз айында ЭКСПО-2017 көрмесіне жауапты басшы ретінде тағайындалды.
- Ұлттық компанияның басшысы қызметіне тәжірибелі, Үкіметпен және облыс әкімдерімен тығыз қарым-қатынас жасайтын, ондаған елдердің басшылығы және инвесторлармен келісе алатын маман керек, - деген Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бұл орынға лайықты маман ретінде Ахметжанды таңдады.
Уақыттың аз қалғаны ескеріліп, Ахметжан Есімов әр жобаны жіті бақылауда ұстап, 21 айдың ішінде көрме жұмысын уақытылы бітіріп, өзіне тапсырылған міндеттің үдесінен шыға білді. Алдын ала болжам бойынша ЭКСПО-2017 көрмесін үш айда 2 миллион адам келіп тамашалайды деп күтілген. Алайда бұл көрсеткіш екі есеге артты. 28 елдің басшысы, 36 премьер-министр, 11 парламент басшысы мен орынбасарлары, 70 министр құрметті қонақ болды. Нәтижесінде көрме жоғары дәрежеде өтіп, көпшілік көңілінен шықты.
Көрмеге дейін Ахметжан Есімов 7 жыл Алматы қаласында әкім болды. Қала тарихында ұзақ уақыт осы қызметті атқарған. Аталған қызметте жүріп, қала тұрғындарының күрделі мәселелерін шешуге ат салысты. Сол кездің өзінде Метро мен Шығыс айналма жолы пайдалануға берілді. 90-жылдары ауыл шаруашылығының ақсаңдап тұрған шақтары еді. Есімов ауыл шарушылығы министрлігіне келген шақ дағдарыс емес, апаттыжағдай болатын.
– Ауыл шарушылығы саласында агрокешеннің дамуын қаламайтындардың әсерінен, жабайы капитализм дәуірі жүріп тұрған сәт. Колхоз бен совхоз қарызға батып, көктем сайын дәнге, техникаға жөндеу жұмыстарын жүргізуге, май мен жерді ақшаға беретін «инвесторлар» пайда болды. Жоғалып бара жатқан активтерімізді аман алып қалудың жолын іздеп, сызбасын құрдым. Бірақ, менің қолымнан келетін іс емес еді, – деп еске алады Төлеухан Нұрқиянов, – Жоспарымды министрлікке көрсеттім. Соңында барлығымыз құрдымға кете жаздаған ауыл шаруашылығыныңалдын алдық. Бұдан соң, Есімов премьерге барып, не істеу керектігін жітітүсіндірді. Министрлік қызмет атқарған шақта Жер кодексі, Су кодексі, бидай, жануарлар әлемін қорғау туралы заңдар қабылданды. Дәл осы сәтте нарықтық экономиканың даму бағыты мен ережелері пайда болды. Бұл түбегейлі өзгеріске алып келген еді.