Күні кеше ғана көптен асыға күткен «Экспо-2017» көрмесі ашылды. Еліміздің мерейін асқақтатар көрмеге бірнеше елдің басшылары келіп қатысты. Ашылу салтанаты өте жоғары деңгейде өтті. Бұл көрменің өтуі барысында нақты берілген мәліметтер бойыншақандай жеңілдіктер қарастырылған? Не күтіледі? Біле отырайық.
Жоспарда:
– 5 млн турист;
– 30% шетелдіктер болуы керек;
– 650 млрд теңге пайда.
Фактілер:
– Қазақстан ТМД аймағында EXPO-ны өткізген алғашқы ел;
– EXPO тарихында ең көп отшашу қолданылған ашылу салтанаты;
– Ешбір EXPO-ға Астанадағы секілді көп елдің басшылары келген емес.
Жеңілдіктер:
– Ардагерлер мен 12 жасқа дейінгі балаларға бəрі тегін;
– Көп балалы аналар мен зейнеткерлерге, мүгедек жандарға 50% жеңілдік;
– Қазақстан азаматтарына билеттер арзанырақ.
Естеріңізге сала кетейік, көрме 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында өтеді. «Экспо-2017» халықаралық көрмесін өткізу мәртебесі Қазақстанға бұйырғандығы 2012 жылдың 22 қарашасында Францияның астанасы Париж қаласында өткен ХКБ-нің EXPO халықаралық бюросы Бас ассамблеясының 152-сессиясы барысында белгілі болды.