- Негізгі бет
- Expo 2017
- “Астана ЭКСПО-2017” ұлттық...
“Астана ЭКСПО-2017” ұлттық компаниясы басшысына баға
Елдің мерейін асырып, әлемдік деңгейде Қазақстанның атын ту қылып биікке көтерген Халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесінің елімізде өтуі, бас қалада шымылдығының түрілуі үлкен абырой болды. Үлкен жауапкершілікті арқалаған «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының басшысы Ахметжан Есімов туралы берілген бағаны саралап өтсек.
90 жылдары елімізде энергетикалық дағдарыс болғанын біреу білсе, біреу біле бермейді. Электр жарығы ол кезде күніне 2-3 сағат қана беріліп отырды. 1997 жылы вице-премьер Есімовке президент энергетика саласымен айналысуға тапсырма берді.
Ахметжан Есімов – дипломатиялық қызметпен де айналысқан азамат. 1998-2001 жылдар аралығында Бельгия, Нидерланд, Люксембург елдерінде Төтенше және Өкілетті елші қызметін атқарды. Сондай-ақ Қазақстанның Еуропалық Одақ пен НАТО-ғы өкілдерінің бірі болып жұмыс жасады.
Ахметжан Есімовтің мансап жолындағы өзгерісі, ҚР-ның Ұлыбританиядағы Төтенше және Өкілетті елшісі қызметін атқаратын Ерлан Ыдырысовтың айтуынша, сол кездегі Қазақстанның сыртқы саясатының өсуі жаңа кадрлардың түзуін талап етті әрі елбасы Нұрсұлтан Назарбаев дипломатиялық келіссөздер жүргізуге өзін түрлі салада жақсы жағынан көрсете білген, тәжірибелі мемлекеттің топ менеджерлерін бұл іске жұмылдырған.
Қазақстанның Брюссельдегі елшісі қызметін атқарып жүрген Ахметжан Есімов елбасының тапсырмасын орындай отырып, Еуроодақ пен Солтүстік Атлантика альянсымен қарым-қатынасты нығайтқан.
Бүгінде біз Еуроодақ және НАТО-мен серіктестік байланыс орнатып теңдессіз деңгейге көтерілдік. Бұл – Еуропадағы дипломатиялық қызмет нәтижесінде алты жыл бойына «Қазақстан Республикасы – Еуропалық одақ» кеңесінің тең төрағасы болған Ахметжан Есімовтің бұл бағыттағы кәсібилігінің дәлелі.
Қорыта айтқанда, Есімов – өз ісінің білікті маманы. Ол аталған жұмыстардың жауапкершілікпен атқарылуын қадағалады. Ол президенттің кризис-менеджері ретінде көрінді. Белгілі сарапшылар оның мансап жолын зерттеп, осындай әлемдік көрменің ұйымдастыруына оң бағаларын берген болатын. Бұл істі президент Есімовтің басты міндеті ЭКСПО төңірегіндегі барлық жобаның жүзеге асып, жұмысын бастап кетуін қадағалау екенін алдын ала айтқан болатын. Көрсетілген зерттеулерді осы айтылған міндетпен байланыстырсақ, бұл – президенттің артқан үмітінің ақталғандығы.
Т. Есқали