EXPO-2017 көрмесіне келген Лукашенконың 13 жастағы ұлы жұрттың талқысына түсті

EXPO-2017 көрмесіне келген Лукашенконың 13 жастағы ұлы жұрттың талқысына түсті
Фото: http://udf.by/

ЭКСПО-2017 көрмесіне бірнеше елдің басшысы қатысты. Ашылу салтанатына келген басшылардың ішінен ел назары Беларусь президенті Александр Лукашенконың 13 жастағы жасөспірім ұлына ауды. Ол – жоғары мәртебелі президенттермен бірге суретке түскен жалғыз бейресми адам болды. 

Астана. ЭКСПО-2017

Ашылу салтанатында Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев әр елдің билік өкілдерін өзі салтанатпен қарсы алды. Кезек Александр Лукашенкоға келгенде Беларусь президенті жанына 13 жастағы ұлы Николайды ертіп кірді. Нұрсұлтан Әбішұлы Беларусь президентінің жанындағы ұлын байқап, бірге суретке түсу үшін қасына шақырды. 

Бұл жайт ел назарынан тыс қалмады. Бұғанасы қатпаған жас баланы көрген ел түрлі пікір айтуда. 

14 мамыр, 2017 жыл. Қытай

Александр Лукашенконың ұлы Коля Лукашенко 2004 жылы туған. Оның анасы кім екені ашық айтылмайды. Некесіз туған ұлын Беларусь президенті қасынан тастамай, ертіп жүруді әдетке айналдырған. Коля Беларусь еліндегі ең ықпалды адамдардың қатарына кіреді. 

Беларусь халқы Коляны "тақ мұрагері" деп болжағанымен, Александр Лукашенко елдің келесі президенті ол болатынын жоққа шығарған. "Бұл – нағыз ақымақтың сөзі. Үлкен не ортаншы ұлдарым президент болуы мүмкін деген сөзбен келісуге болады. Бірақ мен президенттің тағдырын өз ұлдарыма тілеймін бе, жоқ па? Ешқашан! Олардың осы жолмен тағы бір рет жүріп өткенін қаламаймын. Президент әкенің отбасы үшін қандай болатынын сіздер білмейсіздер",– деді Беларусь президенті бір сұхбатында. 

Р. Роза