GLOBAL MEDIA: EXPO-2017 әлемге керек

GLOBAL MEDIA: EXPO-2017 әлемге керек
Фото: google.com

«Астана ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің ашылғанына көп уақыт болған жоқ. Екі аптада көрмеге 205 мыңнан астам қонақ келіп үлгерді. Ал ашылуына 17 мемлекеттің билік өкілдері қатысты. Екі мыңнан астам отандық және шетелдік БАҚ өкілдері қатысты. Он мемлекет тікелей трансляция таратты. Әр ел өз павильоны туралы мәлімет келтірсе, кей баспасөз аз уақытта бой көтерген көркем нысандарды тілге тиек етуде.  Кейбірін назарыңызға ұсынып отырмыз.

Америка, Forbes:  Қазақстан әлемдік аренаға тағы бір қадам жасады

Forbes журналы елімізде өтіп жатқан халықаралық көрме туралы бірқатар мақала басты. Біріншісі «Астанада өтіп жатқан көрмеге барудың 5 себебі» деп атасла, тағы бір материал – «EXPO 2017 Қазақстанның әлемдік аренаға жасаған тағы бір қадамы»  –  деп аталады.

Англия, Daily Mail: Астана көрмені өткізуге дайын

Белді басылым «Астана «ЭКСПО 2017»-ның өте жақсы дайындығын атап өткен. Жүзден астам ел қатысатын шараға аудармашылар да сақадай сай дайын тұрғаны айтылған.   

Америка, CNN:  Пост-кеңестік қаладан ғажайып Астанаға дейін

«Америкалық CNN International Елордамызға «болашақтың ғажайыбы» деп баға берді. Қазақстан астанасы футуристік архитектураның көркем үлгісін жасау үстінде».

Қытай, CGTN:

«Астанадағы ЭКСПО көрмесі көптің назарын аударып жатыр. Біз көрмеде көрсетілетін дүниелерді жариялауды тоқтатпаймыз».

Түркия, TRT Haber:«Түркияның тәжірибесі біз үшін маңызды»

«Павильоның ашылуына Түркияның Астанадағы елшісі Невзат Уянык қатысты. Қазақстаннның инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек: «Түрік азаматтарының жұмысқа да, турист ретінде  де келуі көңіл қуантарлық жағдай»,  – деді.

 Беларусь, belta.by:

«Ұйымдастыру деңгейі өте жоғары. Мұндай іс-шараны тамашалайтын қонақтың саны Олимпиада мен футболдан әлем чемпионатына келетін туристермен пара-пар».

Украина, day.kyiv.ua:

«Украинадан көрмеге 100-ден аса кәсіпорын қатысады. Инвестиция тарту үшін бизнес-форум ұйымдастыратын боламыз. 

Түркіменстан, turkmenistan.gov.tm:

«Түркіменстанның президенті Гурбангулы Бердімұxамедов елдің мұндай халықаралық көрмеге қатысуы, өзге елдермен байланыс орнатуға үлкен мүмкіндік ашатынын атап өтті».

Әзірбайжан, AzTV мемлекеттік телеарнасы:

Бұл телеарна EXPO көрмесіне айрықша мән берген.  Елордаға жіберілген арнайы тілшісі бірнеше сюжет дайындаған.

Түйін:. Сыннан гөрі салмақты, сараптама басым. Ең бастысы, еліміз сын сағатта жол тауып, бүкіл әлем алдында абыройлы, мәртебелі іс атқарды. Бұл сан ғасырлық тарихы бар Ұлы дала елі үшін, айтулы оқиға.

Елдос Өмірзақұлы

Жас қазақ 

Г. Берік